«20 жаста»: Мемлекетаралық іздеуде жүрген шетел азаматы ұсталды

cover Фото: freepik.com

Талдықорған полициясы мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады, деп хабарлайды Orda.kz.

ІІМ-нің мәліметінше, ұсталған шетелдік ұрлық жасады деген айыппен өз елінде іздеуде жүрген 20 жастағы ер адам екен. Соттан жалтарған азаматқа 2023 жылдың 29 желтоқсанында Ташкент облысының бас ішкі істер басқармасы іздеу жариялаған. Ол іздеу жарияланғанын білген соң Өзбекстаннан кетіп, Қазақстанға келген.

Шымкент қаласында жасырынып, наубайшы болып жұмыс істеген. Осы жылы ол Талдықорғанға көшіп келіп, аспаздың көмекшісі болып жұмысқа орналасқан. Жедел деректер бойынша іздеуде жүрген адам Талдықорғанда ұсталып, қамауға алынды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар