2 баласын тұншықтырып өлтірген анаға қатысты сот үкімі шықты

cover Фото: Pexels

2024 жылдың 7 тамызында Қарағанды облысының соты екі баласын өлтірген әйелге 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

 2023 жылдың қаңтарында айыпты әйел жаңа серігі екеуі Қарағанды облысының Гагаринск ауылына көшіп келеді. Әйелдің бұрынғы күйеуінен үш қызы бар болатын. 2024 жылдың 4 сәуірінде жаңа жолдасы жұмысқа кеткенде әйел пәтерде жалғыз қалып, балаларды бағуда қаржылық таршылық пен стресс әсерінен аса ауыр қылмысқа барады.

Әйел күйзеліс әсерінен үлкен қыздарын жатын бөлмесінде тұншықтырып өлтіреді. Сот әйелдің кішкентай балаларды өлтіргені толық дәлелденді деп танып, оны 20 жылға бас бостандығынан айырды.

Прокурор әйелге 20 жыл түрме жазасын талап етті. Ал зардап шеккен тарап жазаны жұмсартуды сұрады. Қорғаушы болса, істі абайсызда болған өлім деп қайта квалификациялауды ұсынды. Сот прокурордың талабын қанағаттандырып, айыпты әйелге 20 жыл түрме жазасын белгіледі.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Тараптар апелляциялық шағым беру құқығына ие.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар