10-14 сәуірге кино шолу: пандемия кезіндегі киноның жағдайы

Бәріміз білетіндей пандемия салдарынан көптеген салалар шығынға батты, оның бірі – отандық киноиндустрия. 2020 жылдың наурызынан бастап көрермендер назарына ұсынылған фильмдердің саны едәуір азайды.
Orda.kz редакциясы жағдайдың қиындығына қарамастан өз оқырманына апталық кино шолуды ұсынады.
Кино шолу отандық 3 үздік туындыны қамтиды:
Көрші

Көрші – 2021 жылы сәуірде YouTube платформасы арқылы көрерменге жол тартқан хикаяның бүгінде тек 3 бөлімі шыққан. Ол бүгінде 100 мыңға жуық өзінің тұрақты аудиториясын жинаған. Хикаяның жаңа бөлімдері жұма күндері шығып отырады. Әр бөлімнің хронометражы шамамен 15 минут. Жанры – мелодрама.
Айта кетсек, түсірілім 16 наурызда басталып, 8 бөлімді түсіргенге небәрі 19 күн кеткен.
Сипаттамасы: Тұрмыс құрған әйел мен жас жігіттің махаббат хикаясы. Басты кейіпкер Индира шынайы махаббат сезіміне бөлене ала ма? Ол күйеуінің соққыға жығуы мен сатқындықты кешіре ме?
Индира - үлгілі әйел, әрі ана. Оған жас көршісі ғашық болады. Араларындағы 15 жас айырмашылыққа қарамастан, жаңа сезім әйелдің басын айналдырады.
Индираның күйеуі әйелін «тиісті дүние» ретінде қабылдайды. Егер жұбайы бағынбаса, оның тәкаппарлығы аяқ асты болады. Кейде өзінің қалауына жету үшін ол қаталдыққа баруға дайын.
Без крыши

Без крыши – кең қойылымда 2021 жылдың 29 сәуірінде көрермен назарына ұсынылды. Жанры – комедия. Хронометражы 1 сағат 20 минутты құрайды.
Сипаттамасы: Жандос пен Меруерт баспаналы болуды армандайды және барлық жинақтарын үлестік құрылысқа салуға шешім қабылдайды. Бірақ олар жосықсыз құрылысшылардың алдауына тап болады.
Жандос әділдікке ұмтыламын деп, түрмеге түседі. Онда оның өмірге деген көзқарасы түбегейлі өзгереді. Үйсіз-күйсіз қалған бас кейіпкерлер жағдайды өз қолдарына алуға шешім қабылдайды. Олар бұл шешім өмірлерін түбегейлі өзгертетінінен хабарсыз.
Абай жолы

Абай жолы – Хабар арнасының тапсырысымен түсірілген телехикая 26 желтоқсанда көрермен назарына ұсынылды. Әр бөлімнің хронометражы шамамен 50 минут. Жанры – тарихи драма.
«Абай жолы» тарихи драмасы «Үздік телехикаялар» номинациясы бойынша «Тұмар» ұлттық сыйлығын жеңіп алды.
Сипаттамасы: Сериал аңызға айналған қазақтың екі тұлғасы - Абай Құнанбаев пен Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы туралы баяндайды. Драмалық картинаның әрекеті әр түрлі уақытта өрбиді: 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың 30-жылдары.
Туындыда Мұхтар Әуезовтің 20 жыл бойында Абайды жақын білетіндермен қалай кездесіп, ол туралы мәлімет жинағаны баяндалады. Кейінірек жазушы «Абай жолы» романын жарыққа шығарады. Осыдан кейін жазушыға ұлтшыл деген айып тағылады.
«Тұмар» марапаттау рәсімі 6 мамырда, Нұр-Сұлтандағы «Қазмедиа орталығы» киноконцерт залында өтті. Іс-шара екінші рет санитарлық қауіпсіздік стандарттарын ескере отырып, жабық форматта өтті.
Айта кетсек, енді қазақстандықтар «Қазақфильм» топтамасындағы ең үздік 50 фильмді алғашқы QAZAQSHA онлайн-кинотеатрында тамашалай алады.
Orda.kz редакциясы оқырмандарына көптеген фильмдердің қашан жарыққа шығатыны әлі де белгісіз болып тұрғанын еске салады. Алайда редакция сүйікті оқырмандарына апта сайын кино шолу жасап, фильм мен көрермен арасында байланыс орнатуға барынша ат салысады.
Көрілім көңіліңізден шықсын!
Жаңалықтар
- Иран АҚШ базаларына шабуыл жасамақшы: Израильге шабуыл жалғасады
- Әлия Молдағұлованың 100 жылдығы дрон шоуымен көмкерілді
- Абай облысында сотталғандардан ақша бопсалағандар жазаларын алды
- Олигархтардан қайтарылған активтерден «Отбасы банкке» 50 млрд теңге бөлінбейтін болды
- Иран Израильдің шабуылынан кейін АҚШ-пен ядролық бағдарлама тұрғысындағы келіссөздердің «мәні жоқ» деп мәлімдеді
- Қазақтың еті, шапаны және жабылатын көшелер: Қазақстан Джей Ло-ның келуіне қалай дайындалып жатыр
- Мердігер анықталды: Қазақстанда АЭС-ті «Росатом» салады
- ҚР ҰҚК: Қорғаныс министрлігінің экс-басшысы Жақсылықовқа қатысты тергеу жүргізіліп жатқан жоқ
- Қазақстандықтар Ираннан Әзірбайжан арқылы эвакуацияланды
- Алматыда рұқсаты бар азаматтардың қаруы тексеріліп жатыр
- Алматы әкімі Bazis-A иесiне сенімді ақтамай отырғанын айтты
- Flydubai Қазақстанға, Ресейге және бірқатар елдерге ұшуларды тоқтатты
- Қазақстан алты елдің үстімен ұшуға тыйым салды
- Тоқаев Трампты туған күнімен құттықтады
- АҚШ Таяу Шығысқа әскери күштерін жөнелтуде
- Иран Израильге жауапты соққы жасады:Тель-Авивке зымырандар атылды
- «Қауіп шиеленісті: Қазақстан СІМ Таяу Шығыстағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады
- Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин Қазақстанның су спорты федерациясының бас хатшысы атанды
- Жасырылған құжат: Qazaq Banki-ке ақша салған «ҚазАгро» 21 млрд қаржыдан қалай айырылды?
- Алматы облысында көлік аялдамаға соғылып, екі адам көз жұмды