Бишімбаеваның анасы туысын 1 млн долларға жуық қаражат ұрлады деп айыптады

cover Фото: Orda.kz

Қуандық Бишімбаевтың анасы өз туысын «шамамен бір миллион доллар ұрлады» деп айыптады. Қазір іс Астанадағы сотта қаралып жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.

Астанада алаяқтық ісі бойынша сот процесі өтіп жатыр. Істе бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевтың туыстарының есімдері аталды.

«Сотталушы Бекзат Кемелова Бишімбаевтың анасы Әлмира Нұрлыбековада 990 мың доллар барын біліп, ұлына қатысты тергеу жүріп жатқанына байланысты оның күйзеліске түскен жағдайын пайдаланып қаражатты алған», — деді прокурор Гүлмира Әбдірахманова.

Тергеу дерегінше, Кемелова Бишімбаевтың анасын «Оның соңынан Антикор аңдып жүр, ал ақша тәркіленуі мүмкін» деп сендірген. Нұрлыбекова бұған сеніп, шамамен бір миллион долларды чемоданға салып, Кемелованың қолына ұстатыпты.

Кейін Кемелова ақшаны өз пайдасына жаратып, иесіне қайтармаған деген күдікке ілінді. Енді ол ірі көлемдегі алаяқтық бойынша айыпталып отыр.

Ал қорғаушылардың айтуынша, жағдай мүлде басқаша. Адвокат Игорь Вранчев: «бұл іс Бишімбаевтар әулетінің кегі» деп айтты.

«Кемелованың сот-медициналық сарапшысы болып істейтін күйеуі Бишімбаевтарға Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сараптама қорытындысын алуға көмектесуден бас тартқан. Осыдан кейін Кемеловаға қарсы қылмыстық іс қозғалған», — дейді адвокат.

Сот тергеуі әлі жалғасып жатыр.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар