«Зілзала тіркелді»: Алматы тұрғындары жер сілкінісі туралы ескерту алды
Фото: скриншот
Алматы қаласының тұрғындарына жер сілкінісі туралы ескерту хабарламасы таратылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Mass Alert жүйесі арқылы жіберілген ескертуде ғимараттан қауіпсіз жерге шығу ұсынылған.
Хабарламада қала мен маңайындағы сейсмикалық белсенділік туралы мәлімет берілген. Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға сабыр сақтап, ресми дереккөздерден ғана ақпарат алуға кеңес берді.

Төтенше жағдайлар министрлігінің «Сейсмологиялық зерттеу институты» таратқан мәліметке сүйенсек, дүмпудің эпицентрі Қырғызстан аумағында, Алматыдан 136 шақырым оңтүстік-батыс бағытта орналасқан.
Эпицентр координаттары — 42.032º солтүстік ендік, 76.784º шығыс бойлық. Тереңдігі — 10 шақырым. Энергетикалық санаты — 10.1, магнитудасы — 4.9. Есептік қарқындылығы — сезілмеген.
Тұрғындардың айтуынша, дүмпу сезілмеген.
Осындай ескерту хабарламалары қала тұрғындарына 21 қыркүйекте де жіберілген еді. Ол кезде де жер асты дүмпулері сезілмегенін Сейсмология институтының мамандары растаған. Министрлік сол уақытта сейсмикалық датчиктер мен Mass Alert хабарлау жүйесін баптау жұмыстары жүріп жатқанын хабарлаған болатын.
Mass Alert жүйесі Алматы үшін 5 балл және одан жоғары есептік қарқындылықтағы жер сілкінісі туралы автоматты ескерту жіберуге бейімделген.
Жаңалықтар
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады