Журналистердің Ақпарат министрлігіне қарсы шағымы бойынша сот ісі басталды
Фото: gov.kz
Астананың ауданаралық сотында тоғыз журналистің Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарсы жазған арызы бойынша сот отырысы өтті.
14 қазанда журналистер аккредитацияның бекітілген стандартты ережелерімен келіспейтіндіктерін білдіріп, Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарсы ұжымдық шағым түсірді. Олардың пікірінше, ережелер сөз бостандығы мен ақпарат тарату құқығын бұзады.
Сот отырысы ашық онлайн режимде өтті, бірақ алғашқы жартысында сот тарапынан техникалық ақаулар болды. Сондықтан сот отырысы түстен кейін жалғасты. Журналистер жағын адвокат Сергей Уткин қорғады. Әркім өз уәжін келтірген сот сұрақ-жауапқа көшті.
Стандартты аккредиттеу ережелеріне сәйкес, журналист өзі аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарында ғана ақпаратты жариялауға міндетті. Талаптар екі рет немесе одан да жиі бұзылған жағдайда уәкілетті орган журналисті алты айға орталық органдардағы тұрақты аккредиттеуден айыруы мүмкін.
Уткин жиналғандардың назарын БАҚ туралы заңда журналистердің аккредитация алуға құқығы бар екеніне, ал жаңа ережеге сәйкес журналистер шарада өздері өкілдік ететін әрбір БАҚ атынан ғана өтуі тиіс екендігіне назар аударды. Бұл жерде министрлік өкілі бұны «шарт» деген дұрысырақ болады деп жауап берді. Уткин бұл жағдайдың сипаты мен қойылатын шарттың қаншалықты журналист жұмысын «шектейтінін» білгісі келді. Әділет департаментінің өкілі бұдан ешқандай шектеу көрмейтінін айтты.
Сондай-ақ, егер аккредиттеу ережелері бар болса, онда бұл ережелердің бұзылуы немесе сақталмауын кім бақылауы керек деген мәселе көтерілді. Мәдениет министрлігі өкілінің айтуынша, ережелердің орындалуын аккредиттеу ұйымдарының баспасөз қызметтері қадағалайтыны белгілі болды, дегенмен бұл олардың міндетіне жатпайды.
Кездесуде тараптар бұйрықтың 2024 жылдың 20 тамызында күшіне еніп, ресми түрде тек 26 тамызда жарияланғанына назар аударды. Бұл осы уақыт аралығында бұйрық күшіне еніп, қолданыла бастағанын білдіреді.
Қазақстан Конституциясының 4-бабының 4-тармағында: «Барлық заңдар мен Республика қатысушысы болатын халықаралық шарттар жарияланады» делінген. Яғни, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау оларды қолдануға міндеттейді.
Тиісінше, талап қоюшылар бұл жерде қайшылық бар-жоғын сұрады. Ақпарат министрлігінің мәліметінше, бұл конституцияға қайшы келмейді. Әділет министрлігі де бұл мәселеде сыни ештеңе көрмейді екен.
Жаңалықтар
- Ғұмырын сахна өнеріне арнаған Балтабай Сейітмамытұлы көз жұмды
- Қазақстан-Қырғызстан шекарасында не болып жатыр?
- Қарағанды облысында 4 жыл бойы темірді шетелге заңсыз шығарған кәсіпорын сотқа тартылды
- Шавкат Рахмонов UFC-дің жартылай орта салмақ дәрежесіндегі рейтингінен шығып қалды
- Саясаткер жаңа Конституция жасауды ұсынды
- Төбелестен кейін жұмыстан кеткен Сәпиев бірден жаңа қызметке тағайындалды
- Қысқы Азия ойындары Алматыда өтеді
- Украина ресейлік клубтарды Еуропа додаларына қатыстыруға қарсылық танытты
- Талдықорғанда ер адам әйелі мен 3 жастағы баласын аяусыз соққыға жықты
- Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов төбелестен кейін қызметтен кетті
- Қазгидромет ескертеді: Бірден 10 облыста қауіпті метеорогиялық құбылыс
- Қазақстанда екінші АЭС салынатын орын анықталды
- АҚШ Иранға соққы жасамайтын болды: Тараптар келіссөзге уағдаласты
- Актер Айбек Байназаровты даулы мәлімдемесі үшін жазалауға бола ма: Заңгер түсіндіреді
- Ресей елшілігі адыраспанға қатысты Қазақстан тұрғындарына күтпеген үндеу жасады
- Әсет Ерғалиев Тоқаевтың кеңесшісі болып тағайындалды
- Қазақстандықтарды цифрлық бақылауда ұстап, салығын есептейтін жүйе құрылды
- Қазақстанда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған АҚШ пен Украина азаматтарына іздеу салынды
- «Сен сияқтыларды колонияға қамау керек»: Алматы облысында болған оқушы өліміне кім кінәлі?
- Еуроодақ Иран Қорғаныс күштерін террористік ұйым деп таныды