Жолаушы қаза тапты: Lufthansa әуе кемесі Алматыға шұғыл қонды

cover Фото: lufthansa.com

Lufthansa әуе компаниясының Мюнхеннен Бейжіңге бағытталған LH 0722 рейсі жолаушының қаза табуына байланысты Алматы халықаралық әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Orda.kz.

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі хабарлағандай, қайғылы оқиға 26 желтоқсан күні ұшу кезінде болған.

Әуе кемесінің экипажы жолаушы есінен танып қалған сәтте сапарды тоқтатып, шұғыл қону туралы шешім қабылдады. Ұшақ жерге қонған бойда әуежайдың медициналық қызметі мен қалалық жедел жәрдем бригадасы көмекке келгенімен, мамандар тек өлім дерегін тіркеді.

«Медицина қызметкерлері келген сәтте жолаушының ұшу кезінде көз жұмғаны анықталды», деп хабарлады Қазақстанның авиациялық әкімшілігі.

Барлық қажетті заңды процедуралар орындалғаннан кейін әуе кемесіне жанармай құйылды. Lufthansa борты жергілікті уақыт бойынша сағат 07:56-да Бейжіңге қарай сапарын жалғастырды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар