Жогорку Кенештің депутаты бұрынғы әйелін соққыға жықты деген күдікке ілінді
Фото: 24kg
Қырғызстанда Жогорку Кенештің депутаты Эльдар Сулайманов отбасылық зорлық-зомбылық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Orda.kz.
Әлеуметтік желі қолданушысы Әсел Азаматова елден көмек сұрап, жазба жариялады. Ол — қазіргі Жогорку Кенеш депутаты Эльдар Сулаймановтың бұрынғы жұбайы екен.
Әсел Азаматова бұынғы күйеуі тарапынан бірнеше рет зорлық-зомбылық көргенін жазды. Оның сөзінше, ұрып-соғу Эльдар Сулайманов 2022 жылдың басында Жогорку Кенеш депутаты болған кезден басталған. Жазбада 2022 жылдың жазында соққыға жығылғаннан кейін ауруханаға түскені және полицияға арызданғаны жазылған. Алайда, Әсел Азаматова «бірде-бір құқық қорғау органының қызметкері» телефон арқылы да хабарласып не болғанын сұрамағанын мәлімдеді.
Депутаттың бұынғы әйелінің жазбасы мен арызынан кейін Бішкек қаласында сотқа дейінгі тексеру басталды. Қалалық ішкі істер басқармасының хабарлауынша, қабылданған шаралар аясында өтініш иесіне қатысты қорғау нұсқамасы шығарылған.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері қажетті тексеру іс-шараларын жүргізіп жатқанын хабарлады.
Айта кетейік, Ақмола облысында Астрахан аудандық мәслихаты төрағасының үйін тонаған үш ұрыға қатысты үкім шықты.
Жаңалықтар
- 17 жыл құлдықта болған Құндыздың тағы азапталғаны белгілі болды
- Жогорку Кенештің депутаты бұрынғы әйелін соққыға жықты деген күдікке ілінді
- Шыңғыс Айтматовтың қарындасы жазушының 100 жылдығын тойлаудан бас тартуға шақырды
- Ақмола облысында мәслихат төрағасының үйін тонағандар сотталды
- Батыс Қазақстанда өртенген үйден үш адамның денесі табылды
- «Бұл істе аса қатігездік көрмедік деді»: Айзат Жұманованың туыстары Тоқаевқа үндеу жолдады
- Серік Сәпиев өзінің орынбасарымен жанжалдың неден болғанын мәлімдеді
- Президент өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылса, билік қалай әрекет етеді?
- «OrdaMed» АҚ басшылығы мемлекетке 4,5 млрд теңге көлемінде залал келтірді
- Семейде ер адам полицейлердің көліктерін өртеп жіберді
- Ақтөбе – Орынбор тас жолында болған жол апаты төрт адамның өмірін жалмады
- Сағи Әшімовтің жұбайы дүниеден озды
- Алматы облысында Кореяға жұмысқа орналастыратын арнайы орталық ашылады
- Шарын шатқалында жез киік үйірімен жүйіткіп жүр
- Мектептерде жасанды зердені қолдану оқыту әдістері енгізілуде
- КҚК инфрақұрылымына шабуылдан кейін ЖАҚ-3 жөндеу жұмыстары аяқталды
- Қаржы министрлігі: Алматыдағы ЖШС басшысының жалақысы 131,5 млн теңге
- Болгарияда алғаш рет әйел адам президент атанды
- ҚР ДСМ ауруханалар мен емханаларды жаппай тексереді
- ШҚО-да тағы бір мерзімді әскери қызметші қаза тапты