«Жезөкшелік қызметтің құны 40 мың теңге»: Ақтөбеде бір «жеңгетайға» сот рақымшылық жасады
Коллаж: Orda.kz
Ақтөбе соты жыныстық қызмет көрсетіп, пайдакүнемдiк үшін «жеңгетай» болған жоғары білімді 36 жастағы әйелге рақымшылық жасады, деп хабарлайды Orda.kz.
Ақтөбе қалалық сотының судьясы Аян Құсаев ҚК 309-бабы 1-бөлігі бойынша қаралған жеңгетай болу ісіне үкім оқыды.
«Жезөкшелiкпен айналысуға, жыныстық сипаттағы өзге де қызметтерді көрсетуге арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетай болу бабымен айыпталған әйелге қатысты іс жабық режимде қаралды. БАҚ өкілдеріне үкім оқылған сәтке қатысуға рұқсат берілді.
Айыптаудың мәні қандай?
Сотта айыпталушы орынында 36 жастағы ақтөбелік әйел отырды. Сотталушы 1989 жылғы. Жоғары білімді. Тұрмыс құрмаған. Бұрын сотталмаған. Ол — қаладағы көңіл көтеру орталығының әкімшісі. «WhatsApp» мессенджері арқылы К-ға Н. есімді клиентке жыныстық қызмет көрсету туралы ұсыныс жасаған. Қызмет құны – 40 000 теңге.
Сотталушы өзіне тағылған айыпты толық мойындады. Жасаған ісіне өкінетінін айтты. Рақымшылық заңы аясында қылмыстық жауаптылықтан босатуды сұрады», — деді судья.

Мемлекеттік айыптаушы тарапынан да өтінішке қарсылық болмады.
«Қылмыстық іс кодекстің 309-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа түсті. ҚР Конституциясының 30 жылдығы аясында «Рақымшылық туралы» Заң аясында С. Қылмыстық кодекстің 309-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатылсын», — деп оқыды үкімдә судья Аян Құсаев.
Бұлтартпау шарасы ретінде қолданылған үйқамақтың күші жойылды.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- Депутат Әбенов: Көшеде жарысатын жүргізушілердің жазасын қатайту керек
- Наурыз ҰБТ: 179 талапкер ереже бұзған
- Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы заң қабылданды
- ІІМ-де жаппай тазарту қажет — депутат Бақытжан Базарбек
- Әскерде зорлық көргені туралы жалған ақпарат таратып, жылу жиған жігіт қамауға алынды
- Наурыз мерекесін тойламауға шақырған азамат ұсталды: Қылмыстық іс қозғалды
- Зейнетақы жинағынан шешіп алатын қаражат жеткізер емес
- Ормуз бұғазын ашуды талқылау үшін 30 ел бірікті
- ФИФА футболдағы жаңа ережелерді жариялады
- АҚШ пен Израиль соғыстың алғашқы 16 күнінде оқ-дәріге 26 миллиард доллар жұмсаған
- ЮНИСЕФ басшысы: Қазақстанда балалар денсаулығы жақсы қорғалған
- Алматының әл-Фараби даңғылындағы адам өлімі: полиция тексеріліп жатыр
- Алматыдағы бес көлік жарысып, үш адам қаза болған шулы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды
- Талғардағы атышулы іс бойынша учаскелік инспекторға үкім шықты
- Алматыда жүк көлігін жалған құжатпен тіркеген арнайы ХҚКО қызметкерлері сотталды
- Ормуз бұғазын жапқан ирандық қолбасшы Әлиреза Тангсири қаза тапты
- Қонаевта жаттықтырушы кәмелет жасқа толмаған қыздарға азғындық жасады деп айыпталды
- Қораппен суға тасталған марғауларды полицей құтқарып алды
- Тарихта алғаш рет әйел адам Англикан шіркеуін басқарады
- Ресей Үкіметі: жаңа Конституция Қазақстан мемлекетінің іргесін нығайта түседі