Жетісу облысының Елтаңбасы бекітілді

cover

Жаңадан құрылған Жетісу өңірінің өз Елтаңбасы бар, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Байқау комиссиясының мүшелері Талдықорған қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының әскери-патриоттық жұмыс және Қарулы Күштер ардагерлерімен жұмыс жөніндегі көмекшісі Есет Дәуренбаевтың эскизіне бірауыздан дауыс берді.

Елтаңбаның ортасында Талдықорған қаласының символы ретінде «Жетісу ескерткіші» бейнеленген. Оның үстінде ар жағынан күн сәулесі көрінетін тау шыңдары, үстінде шаңырақ. Төменде Ұлы Жібек жолын бейнелейтін түйе керуені орналасқан. Толқындар Жетісудың жеті өзенін, Алакөл мен Балқаш көлдерін бейнелейді, екі жағындағы екі арқар өңір үшін маңызды символдық мәнге ие. Елтаңбаның жоғарғы жағында облыстың атауы алтын әріптермен жазылған.

Байқауға 17 қатысушылардың 55 эскизі берілді. Елтаңба жобаларының авторлары суретшілер, фотографтар, сәулетшілер, дизайнерлер болды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар