Жетісуда үш көлік соғылып, адам қаза тапты

cover Фото: Elements.envato.com

Жетісудағы үш көлік соғылып, 10 адамы қаза тапты. Олар әлденені атап өтіп, қуанышты отырыстан қайтып келе жатқанда қайғылы оқиға болған, деп хабарлайды Orda.kz.

Жетісу облысы Алакөл ауданындағы Көлбай ауылының маңында үш көлік соғылып, ірі жол апаты тіркелді. Оқиға орнында 10 адам көз жұмды. Тек бір жолаушы ғана аман қалып, жарақат алды. Дәрігерлердің тексеруінен кейін ол амбулаториялық емге жіберілді.

Қайғылы жағдай 13-нен 14-қыркүйекке қараған түні болған.

Полиция дерегінше, Алакөл ауданындағы тас жолда бір мезетте үш көлік соқтығысқан. Салдарынан 10 адам қаза тапты.

«Бұл оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қайғылы жағдайдың мән-жайын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Қаза болғандардың туған-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз. Жол-көлік ережелерін, жылдамдық режимін және жолаушы тасымалдау талаптарын қатаң сақтауды ескертеміз», – деді Жетісу облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Жасұлан Бәйкенов. 

Еске сала кетсек, 11 қыркүйекте Маңғыстау облысы Қарақиян ауданы Сенек ауылынан 90 шақырым жерде жол апаты болып, 10 адам қаза тапты.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар