Жемқор шенеуніктер рейтингінде полиция қызметкерлері, әкімдер мен әскерилер көш бастап тұр

cover

Полицейлер, әкімдер мен әскерилер Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа жол берген шенеуніктердің рейтингінде көш бастады, деп хабарлайды Transparency Kazakhstan қоғамдық қоры.

Transparency Kazakhstan сарапшылары мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен басқа мемлекеттік қызметшілер жасаған заң бұзушылықтарын зерттеді.

Ол үшін Qamkor.kz сайтында жарияланған қылмыстар туралы жалпы статистикалық деректер жинағынан мемлекеттік қызметшілер, мемлекеттік қызметкерлер мен лауазымды тұлғалар жасаған қылмыстар туралы деректер жүктелді.

Мемлекеттік қызметшілер тарапынан заң бұзушылықтардың 35%-ы сыбайлас жемқорлыққа қатысты. 2018 жылдың деректерімен салыстырғанда сыбайлас жемқорлық қылмыстары 45-49%-дан 34,9-38,4%-ға дейін төмендегені байқалады.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер тарапынан орын алған құқық бұзушылықтар тізімінде сыбайлас жемқорлық қылмыстары жиі кездеседі.

Зерттеу Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының динамикасын талдаумен аяқталады. Ресми статистика бойынша соңғы үш жылда сыбайлас жемқорлық қылмыстарының үлесі азайып келеді екен.

Статистикалық талдау сыбайлас жемқорлық көріністері заңдылықтарын қадағалап отыруға, билік органдарының сыбайлас жемқорлықтың жағымсыз салдарын жою жөніндегі күш-жігерін бағалауға мүмкіндік береді.

Алынған мәліметтер негізінде Transparency Kazakhstan сарапшылары қызмет салаларында сыбайлас жемқорлық қылмыстарының өсуі байқалып отырған қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы үгіт-насихат сапасын арттыру, мемлекеттік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы этика нормаларының сақталуын қадағалау шараларын қоса алғанда, мемлекеттік органдарға ұсынымдар әзірледі.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар