Жеке пансионатта оңбай құлаған алматылық зейнеткердің омыртқасы сынып, ауруханаға түсті

83 жастағы Тілектес Мергенбаев Алматыдағы жеке пансионатта төсегінен жерге құлады. Деменциясы бар егде жастағы ер адамның омыртқасы сынып, басы жарылған. Қарияның ұлы бұл жағдайға пансионат қызметкерлерін айыптап отыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Бір аптадан бері 83 жастағы қария қалалық ауруханада жатыр. Ол 7 қазан күні таңертең төсегінен құлап түседі. Оған ешкім көмекке келмегесін, бар күшін жинап орнына жайғасады.
Кейін зейнеткер дәретханаға барғысы келіп, қайта орнынан тұрғанда тағы құлап, басы жарылып, омыртқасы сынады. Ол тағы орнынан тұра алмай екі сағат бойы сыз еденде жатады.
«8:00-ге дейін ол еденде жатқан. Пансионат қызметкерлері оны көре тұра, ешқандай көмек көрсетпеген. Ол өздігінен тұруға тырысқанда, арқасы ауырып айқайлап жіберген. Бірақ оның жанына ешкім жақындамаған. Бір сағаттан кейін, медбике қайтып келіп, әкемді еденде сүйреп алып кеткен», — деді жәбірленушінің ұлы Әбілахат Мергенбаев.
Әбілахат Мергенбаев не жағдай болғанын сағат 11.00-ден кейін бір-ақ біледі. Зейнеткер ауруханаға жеткізіліп, оны мамандар тексеріп, неврология бөліміне жатқызады. Дәрігерлер қарияның жағдайы бір қалыпты ауыр деп хабарлаған.
Зейнеткердің ұлы әкесі енді жүре алмай қалуы мүмкін екенін айтты. Ол пансионат басшысымен тек телефон арқылы байланысқанын мәлімдеді. Пансионат директоры Жібек Бекжолдасоваға медбике зейнеткерді көтерген кезде ол қалыпты жағдайда болғанын айтқан.
«Қария құлағаннан кейін медбике оны төсегіне көтеріп, отырғызды. Ол қайтадан төсектен тұрып, тағы бір рет құлаған. Мен ол жерде түнде болған жоқпын, тек медбике болған. Мен жұмысқа сағат 10.00 – де келіп, қарияның қасына бардым. Оған бірдеңе болғанын байқадым. Жедел жәрдем шақырылды. Немересі келіп, оны ауруханаға алып кетті», — деді пенсионат басшысы.
Сол түні кезекшілік еткен медбике интернатта ресми түрде жұмысқа орналасқан, орналаспағанын басшылық ашып айтпады. Әбілахат Мергенбаев полицияға арыз беріп қойды.
Айта кетейік, Қаржы мониторингі агенттігі БЖЗҚ қаражатын жалған стоматологиялық клиникалар арқылы жымқыруды ұйымдастырды деген күдікке ілінген үш адамның бірі Аслан Дүйсеновті ұстады.
Жаңалықтар
- «Қазақ Робин Гуды» қажылыққа бармақ болғандар мен мұқтаждардың 33 млн теңгесін қолды қылды
- Қазақстан азаматын қырғызстандық «досы» тақырға отырғызып кетті
- Қарағандыда 15 жастағы қызбен неке қиған мұғалім 17 жылға бас бостандығынан айырылды
- Әскердегі кезекті өлім: Миы жаншылған сарбаз өз-өзін екінші рет қалай ата алды?
- ШҚО экология департаментінің экс-басшысы пара үшін 10 жылға сотталды
- «Өзіне қол жұмсамақшы болған»: Ақтөбеде полицейлер төрт баланың анасын өлімнен аман алып қалды
- «Offside» сериалы YouTube платформасынан өшірілді
- Аграрлық университеттің 2-курс студенті көпірден секіріп қайтыс болды
- Жеке пансионатта оңбай құлаған алматылық зейнеткердің омыртқасы сынып, ауруханаға түсті
- Зейнетақы қорынан ақша жымқырған үш күдіктінің бірі ұсталды
- «Бұл видео көктемде түсірілген»: Зәкиева Ақтөбеде нағашы апайынан қорыққан 5 бала туралы пікір білдірді
- Алматы облысында жетім қызды зорлаған жеті жасөспірім анықталды
- «Ішіңде бөпе бар»: 14 жастағы оқушыны босандырған дәрігерлер жантүршігерлік жағдайды баяндады
- Блогерлер Ерболат Жанабілов пен Эльмира Төлегенова түрмеге қамалуы мүмкін
- Жоғарғы соттың үш судьясы отставкаға кетті
- Обухов зауытының негізін қалаушы 11 жылға бас бостандығынан айырылды
- Ақмола облысында жанармай бекетінде ер адам тоққа түсіп, көз жұмды
- Президент Олжас Бектеновке экономикалық реформаларды іске асыру үшін тапсырма берді
- Өскемендегі қақ айырылған көпірді жөндеудің орнына жаңасын салатын болды
- Асан Үмбетов «ҚТЖ-Жүк тасымалы» бас директоры қызметіне тағайындалды