«Жасыл дәліздер» мен жәрмеңкелер: үкімет жаңа жыл алдында азық-түлік арзандайтына уәде берді
Фото: gov.kz
Үкіметте азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсуін қалай ұстап тұру керектігі талқыланды. Осы тұста жылыжай көкөністеріне - қияр мен қызанаққа ерекше назар аударылды, деп хабарлады Orda.kz.
Маусымдық қымбаттауды ескере отырып, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қысқа мерзім ішінде түркімен көкөністерін өткізу бекеттерінде «жасыл дәліздер» ұйымдастыруды тапсырды. Үкімет түсіндіргендей, бұл өз жылыжай өндірісі жетіспейтін өңірлерге қияр мен қызанақты қолжетімді бағамен тұрақты жеткізуді қамтамасыз етуі тиіс.
Сонымен қатар, жаңа жыл мерекесі қарсаңында 22-31 желтоқсанда еліміздің супермаркеттерінде Bereke fest акциясы өтеді - әлеуметтік маңызы бар тауарлар фермерлерден тікелей жеткізіліп, арзандатылған бағамен сатылатын болады.
Өңірлерде ауыл шаруашылығы және жаңа жылдық жәрмеңкелер саны артады. Үкіметтің мәліметінше, желтоқсан айында бүкіл Қазақстан бойынша осындай 800-ден астам алаң жоспарланған. Сауда комитетіне шалғай өңірлерге, оның ішінде Ұлытау және Маңғыстау облыстарына тауар жеткізуге көмектесу тапсырылды.
Кеңесте сондай-ақ қарашада азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсуі 0,9% -ға дейін бәсеңдегені, ал азық-түлікке 1% деңгейінде қалғаны хабарланды. Үкіметтің мәліметінше, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы соңғы төрт аптада өскен жоқ.
Биылғы тамыз айының басында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына жеңілдетілген бағамен сатып алуға арналған цифрлық ваучер жайлы түсініктеме берілді. Артынша елімізде азық-түлік өндірісі 1,4 есеге артқаны хабарланды.
Қыркүйекте баға өсімі бойынша алдыңғы орында Қарағанды, Ақмола облыстары және Ұлытау өңірлері тұр. Үкіметтің хабарлауынша, негізгі өсім коммуналдық қызметтерге, көлікке және денсаулық сақтау саласындағы қызметтерге қатысты тіркелген.
Сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасына жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша, Шымкент қаласында жыл басынан бері 200-ден астам кәсіпкер жауапқа тартылды.
Жаңалықтар
- Ұлттық талдау орталығы: Отандық өнімді тұтыну — Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады
- Қазақстандық Анна Данилина әлемнің жетінші ракеткасы
- Қысқы Олимпиада-2026: Жарыстың 15 ақпандағы нәтижесі
- Қазақстан McDonald’s желісін етпен қамтамасыз ете алмады
- Павлодар облысында екі адамның мәйітін үйінде сақтаған кейуанаға қылмыстық іс қозғалды
- Қонаевтың жиені, белгілі энергетик Алтай Қадыржанов қайтыс болды
- Жетісуда жолға шықпау туралы ескертуді елемеген бес көлік апатқа ұшырады
- Алматыда өткен Winter Run жарысына 22 елден 2 500 адам қатысты
- Балалар онкологиясымен күрес күні: Қазақстандағы негізгі көрсеткіштер
- Ирандағы аятоллалар режиміне қарсы Мюнхенде жаппай митинг өтті
- Шымкентте аяусыздықпен ажал құшқан Нұрай Серікбайдың 40 күндік асы берілді
- Тоқаев Александр Вучичті Сербияның Мемлекеттілік күнімен құттықтады
- Олимпиада-2026: Қазақстан тарихындағы трамплиннен секіруден ең үздік нәтиже
- Украинада Нұрлан Сабуровқа қатысты тергеу басталды
- Зеленский: Талап Украинаға ғана қойылады
- Қазақстанға тарихи жеңіс сыйлаған Михаил Шайдоровты әлем құттықтап жатыр
- Алматы тауларына көшкін қаупіне байланысты блокбекеттер қойылды
- Ақтаудағы Назарбаев ашқан шыныпластик құбыр шығаратын зауытта тапсырыс жоқ
- Бишімбаевтың анасы сотта жеңіп, бір миллион долларын өндіріп алды
- Трамп әкімшілігі Гарвардты сотқа берді