Джеффри Эпштейннің құжатында Ұлттық банктің бұрынғы басшысы Қайрат Келімбетовтің аты аталды
Фото: Коллаж Orda.kz
Жасөспірім қыздарды азғындыққа салғаны үшін айыпталған американдық миллиардер Джеффри Эпштейнге қатысты құжатта Қазақстан Ұлттық банкінің бұрынғы басшысы Қайрат Келімбетовтің аты табылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Құжатқа жария болған мәліметтерде Эпштейнмен кездескен әртүрлі беделді қонақтардың аттары тізілген. Австралияның бұрынғы премьер-министрінен бастап, ірі инвестициялық қорлардың басшылары мен Нобель лауреаттарына дейінгі адамдармен кездесулер егжей-тегжейлі сипатталған. Кездесулердің нақты тақырыбы көрсетілмеген, бірақ жалпы контекст — әлемдік нарықтар, геосаясат, жоғары технологиялар мен жаһандық трендтерді талқылау болып көрсетілген.
Осы танымал қонақтардың арасында Қайрат Келімбетовтің аты да бар. Деректерге қарағанда, кездесулер Манхэттендегі Эпштейннің жеке үйінде өткен.
Айта кетейік, Қайрат Келімбетов бұрын экономика министрі, Ұлттық банк төрағасы және ҚР Президент әкімшілігінің басшысы қызметтерін атқарған. Қазіргі уақытта ол миллиардер Тимур Турловтың Freedom Holding компаниясының директорлар кеңесінің мүшесі.
Еске сала кетейік, Джеффри Эпштейн жыныстық зорлық-зомбылық және кәмелеттік жасқа толмаған қыздарды азғындық жолмен пайдаланды деп айыпталған. 2019 жылы 10 тамызда АҚШ-тағы Манхэттендегі Metropolitan Correctional Center түрмесінде оның мәйіті табылған.
Сонымен қатар, қазақстандық модель Руслана Коршунованың Эпштейннің аралына барғаны белгілі болған еді. Кейін сол қыз өз-өзіне қол салып қайтыс болды.
Жаңалықтар
- Қарағанды маңындағы жол апатынан 5 адам мерт болды: Сот жүргізушіге үкім шығарды
- «Полиция басшылығы жемқор»: ІІМ Маңғыстау полициясын аяғынан тік тұрғызды
- Джеффри Эпштейннің құжатында Ұлттық банктің бұрынғы басшысы Қайрат Келімбетовтің аты аталды
- Алматы – Бішкек тасжолындағы жол апаты алты адамның өмірін жалмады
- ҰҚШҰ-ның жаңа бас хатшысы: Таалатбек Масадыков 1 қаңтардан бастап қызметке кіріседі
- Ант қабылдау шарасында әскери қызметкер өз басын бөтелкемен жарып, көзінeн айырылды
- Атышулы «Айка» бостандыққа шықты
- Алматы тұрғынын азаптағаны үшін сотталған экс-полицейдің жаза мерзімі ұлғайды
- «3 адам көз жұмды»: ШҚО-да жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысты
- Түркістан қаласындағы мұнай базасынан өрт шықты
- Яна Легкодимованың жантүршігерлік өлімі: ІІМ қылмыскерлердің әрекетін егжей-тегжейіне дейін баяндады
- Ақтөбеде жетімдерге сапасыз жатақхананы үй ретінде ұсынған депутаттар сотталып жатыр
- Ислам Махачев Шавкат Рахмоновпен жекпе-жекке шығудан бас тартты
- Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин өзінің гетеросексуал екенін айтты
- Павлодардағы кеніште 31 жастағы жұмысшы жігіт қаза тапты
- Атырауда жолға таласып, төбелес шығарған жүргізушілерді арнайы жасақ ажыратып алды
- Павлодарда балаларын терезеден лақтырған ана жауапкершіліктен босатылды
- Тасмағамбетов кетеді, Бішкекте ҰҚШҰ-ның жаңа хатшысы сайланбақ
- Құлыбаевтар Halyk Bank акцияларын қаншаға сатты?
- Рудныйда тұрғындар көшелерін қазақша атауға қарсы шықты