Жаркентте баласын жылыту батареясына байлап өлімші етіп сабаған әйел ұсталды

cover Фото: Бейнеден кадр

Жаркентте полиция 28 жастағы әйелді ұстады. Желіде әйелдің өз баласын аяусыз ұрып-соққан бейнесі тараған еді, деп хабарлайды Orda.kz.

Жетісу облысы полиция департаментінің хабарлауынша, әйелдің жеке басы анықталып, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Баласын сабаған әйел уақытша тергеу изоляторына қамалды.

Үйдегі басқа кәмелетке толмаған балалар уақытша отбасын қолдау орталығына орналастырылды. Қамқоршылық органдарының мәліметінше, әйелді ата-ана құқығынан айыру мәселесі бөлек қаралатын болады. Тергеу жалғасуда.

Айта кетейік, Қарағандыда екі әйел есірткінің ірі партиясымен ұсталды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар