Жандарбек Бекшин қаладағы шектеу шаралары туралы жаңа қаулы шығарды

cover

Covid-19-бен ауыратын барлық науқастар енді аурудың ауырлығына қарамастан ауруханаға жатқызылатын болады.

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қаладағы шектеу шаралары туралы жаңа қаулы шығарды. Ол 1 ақпанда күшіне енеді.

Жаңа шектеу түрлері:

Коронавирустық инфекцияның барлық формалары бар науқастарды міндетті түрде госпитализациялау;

Кинотеатрлар мен театрлардың жұмысына тыйым салу;

Сауда орталығының жұмыс уақыты - жұмыс күндері сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін, демалыс күндері жұмыс істеуге тыйым салу;

Азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларына - уақыт шектеусіз;

Жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлар - сағат 17:00-ге дейін, сенбі мен жексенбіде жұмыс істеуге тыйым салынады;

Қоғамдық тамақтандыру орындары – 9:00-ден 20:00-ге дейін;

Сауда орталығы мен сауда үйі ішіндегі тамақтану орындары тек сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін қабылданады;

«Қазпошта» және халыққа қызмет көрсету орталықтары - 9.00-ден 18.00-ге дейін.

Сауналар, SPA орталықтары, бассейндер – 8:00-ден 21:00-ге дейін, демалыс күндері жұмысқа тыйым салынады.

Әлі күнге дейін тауларда 15 адамға дейін серуендеуге, спортпен шұғылдануға, ашық ауада және жабық жерде 5 адамға дейін жаттығулар жасауға болады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар