Жанболат Мамай: сот процесі Байбектің мүддесін қорғап отыр

cover

2021 жылдың 19 мамыр 15:00 де белсенді Жанболат Мамай мен Nur Otan партиясы төрағасының орынбасары Бауыржан Байбек арасында басталған сот процесінің екінші отырысы басталды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Сот процесін Жанболат Мамай facebook парақшасында тікелей эфир арқылы көрсетті. Сот отырысы WhatsApp желісі арқылы онлайн режимде өтіп, сағат 15:45 шамасында сот шешім шығару үшін кеңесуге кетті.

Осы уақыт ішінде Жанболат Мамай редакцияға сот процесі туралы өз ойын жеткізді. Белсендінің айтуынша, сот отырысында әділдік жоқ.

 – Сот процесі ашықтан-ашық Байбектің мүддесін қорғау үшін ұйымдастырылып жатыр. Сот процесі басталмас бұрында айттық, сапалы түрде видеобайланыс орнату керек деп. Олар бізді WhatsApp желісіне қосады. Үлкен саяси процесті WhatsApp желісі арқылы өткізу бұл нағыз – масқарашылық. Біздің ойымызша соттың қазіргі мақсаты – журналистерді сот отырысына қатыстырмау, сотты қадағалаусыз өткізу. Олар біздің пікірімізді тыңдап отырған жоқ. Өздері айтып, өздері шешім шығарып отыр. Бұл сот объективті түрде өтпейді. Ол Байбектің мүддесін қорғайтын, биліктің айтқанын орындайтын сот болайын деп тұр. Қазірдің өзінде солай болып тұр.

Orda.kz редакциясының тілшісі сот отырысын бақылап отыр. Материал толықтырылады!

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар