Жамбыл облысының шаруа қожалығы үкіметке үндеу жолдады
Фото: Ашық дереккөзден
Жамбыл облысы, Жамбыл ауданындағы «Байелі болыс» шаруа қожалығының төрағасы Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында Премьер-Министрге үндеу жолдады, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
«Мемлекет басшысы жыл сайынғы Жолдауларында су тапшылығына байланысты және әбден тозығы жеткен инфроқұрылым жайлы өзіңіз басқарып отырған Үкімет пен жергілікті әкімдерге нақты міндет жүктеп келді.
Мына қарама-қайшылықты қараңыз. Былтыр еліміздің бірқатар өңірінде қуаңшылық орын алып, Жамбыл облысының 6 ауданында қуаңшылық салдарынан төтенше жағдай жарияланды. Сонша дүрлігетіндей көктен ылғал түспей қалған жоқ, су қоймаларының да кенезесі кеуіп қалмады. Президент айтқан су жүйелерінің ескіріп, тоз-тозы шығуының салдары мен білікті су шарушылығы мамандарының жоқтығы осындай күйге жеткізді. Осы мәселені, әлеуметтік желіде қанша көтердім, түрлі деңгейдегі биліктен бірде-бір басшы кері байланысқа шықпады.
Ал биыл Наурыз мерекесінде еліміздің батыс және солтүстік өңірлерін қарғын су алды. Бүгінде 10 облысқа топан су жайылды.
Әрине, сын сағатта мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан көмекті көріп отырмыз. Әр облыстың тұрғындары да көмек қолын созуда, бауырлас мемлекеттерден де гуманитарлық көмек келуде.
Президент су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты Үндеуінде:
«Біз алапат су тасқынынан тиісті қорытынды шығаруымыз керек. Яғни, жіберілген олқылықтарды түзетіп, тиісті сабақ алуымыз қажет. Ал ондай сабақтар аз емес. Апаттардың алдын алу жұмысындағы кемшіліктен бастап, су шаруашылығы мамандарының тапшылығынан бастап, табиғатқа немқұрайды қарауға дейін көп мәселені реттеу қажет. Үкімет және жергілікті атқарушы органдар су тасқынымен күресті үйлестіруі тиіс. Су басқан аймақтарда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету қажет» деді.«Президент тапсырып отырған су шарушылығы мамандарының тапшылығын шешудің бірден-бір жолы М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру институтын дербес жоғары оқу орны етіп, қайта жасақтау керек» деп жазды ол.
Шаруа Кеңес үкіметінің кезінде Тараз қаласындағы гидромеларативтік-құрылыс институтының даңқы асқақтап, білікті мамандар даярлағанын тілге тиек етеді.
Ж.Нұрбаевтың айтуынша, институтты жеке дербес жоғары оқу орны етіп ашу тіпті де қиын емес. Оқу корпусы, базасы жетеді. Тіпті, оқытушыларды да сырттан шақыртудың қажеті жоқ. Тараз қаласындағы Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институының қызметкерлерін тартуға болады. Кез келген ғылыми қызметкер ақысын төлесе, лекциясын оқып кетеді.
«Құрметті Олжас Абайұлы! Қарапайым шаруа адамының ұсынысын қабыл алсаңыз, жылдық оқу ақысын төлесе болды, дипломды оңды-солды тарата беретін кейбір жоғары оқу орындарына қарағанда су шарушылығының мамандарын даярлайтын институттың немесе университтеттің бе мемлекет үшін пайдасы зор болмақ.
Бұл өзекті мәселені бүгіннен қолға алып, жаңа да, дербес жоғары оқу орны биылғы оқу жылында бірінші курсқа білімгерлерді қабылдаса Мемлекет басшысы тапсырмасының бірі әрі бірегейі орындалғаны» деп жазбасын түйіндейді шаруа.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық