Жамбыл облысындағы фосфор зауытында жарылыс болды, зардап шеккендер жоқ

cover ChatGPT жасаған сурет

Бүгін, 2025 жылғы 8 қараша күні сағат 09:45-те әлеуметтік желілерде Жамбыл облысындағы фосфор зауыты аумағынан түтін будақтап жатқаны түсірілген  бейнежазба тарады, деп хабарлайды Orda.kz.

Жамбыл облысы Экология департаментінің қызметкерлері жедел оқиға орнына барып, кәсіпорынның санитарлық-қорғау аймағындағы ауа сапасын өлшеді. Алдын ала деректер бойынша азот диоксидінің шекті рұқсат етілген шоғырлануының артп кеткені (NO ₂) тіркелді. Кәсіпорын жоспардан тыс тексеру жүргізіп, оның нәтижелері туралы хабарлайтынын мәлімдеді.

Оқиға орнына ТЖД қызметкерлері келіп, оқиғаның мән-жайын анықтауда.

«Оқиға сары фосфор қоймасында болды. Заттарды тасымалдауға арналған ыдысқа құю кезінде ол шашылып, оттегімен өзара әрекеттескенде жанып кеткен» деп хабарлады ведомство. 


Кәсіпорын қызметкерлері өртті тез арада сөндірді, зардап шеккендер жоқ. Ақпарат Экология департаментіне және басқа органдарға берілді. Халыққа төніп тұрған қауіп жоқ.

 Еске салсақ, Мәжілісте тендерге қатысқан  депутаттарды түрмеге отырғызу ұсынылды.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар