Жамбыл облысында жауын салдарынан сел жүрді

cover Скриншот

Жамбыл облысында бұршақ аралас жауын жауып, салдарынан сел жүрді, деп Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.

23 маусымда Үлкен Сұлутөр ауылында Ырғайты өзені арнасымен сел жүрді.

«Салдарынан ауыл жолын су басып, екі шаруашылық нысанына зақым келді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ» делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.

Жергілікті атқарушы органдар комиссиясы шығынды есептеп жатыр. 

«Оқиға орнында Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің сегіз қызметкері мен екі бірлік техникасы, жергілікті атқарушы органдардың екі бірлік техникасы мен бес қызметкері жұмыс істеп жатыр» деп қосты министрліктің баспасөз қызметі.

Жауын салдарынан Шарбақты ауылынан 4 шақырым жердегі Ырғайты өзеніндегі су деңгейі көтерілген. 

«Салдарынан пайда болған аралдағы көлікте 6 адам қалып қойды, ал екінші көлікті су ағызып кеткен. 24 маусым 01:15-те Төтенше жағдайлар департаментінің күшімен барлық адамдар құтқарылды. Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ» делінген министрлік хабарламасында.  

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар