Жамбыл облысында дизель отынының цистерналары өртенді

cover Фото: Жамбыл облысы ТЖД

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Аса ауылының газ өңдеу зауытында өрт шықты.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Instagram әлеуметтік желісінде қою қара түтін шыққан видео жарияланды.

Жамбыл облысының әкімдігі «Амангелді газ өңдеу зауыты» ЖШС Тараз филиалының аумағында өрт шыққаны туралы ақпарат сағат 12:00-де түскенін хабарлады.

«Белгіленген уақытта көлемі 240 текше метр 2 дизель цистернасының құрамдас блок бөлігінде өрт шыққаны анықталды» делінген Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Өртті сөндіруге облыстың Төтенше жағдайлар министрлігінің 21 техникасы мен жеке құрамының 75 адамы жұмылдырылған.

Қабылданған шаралардың арқасында өрт 12:54-те оқшауланды, зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Өрт 13:17-де сөндірілген.

«Жалпы көлемі 480 текше метр дизельдік отын құйылған екі цистерна жанып кетті. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Алдын ала себеп – мұнай өнімдерін айдау кезіндегі технологиялық процестің бұзылуы (дизельдік отын)» дейді Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар