Жамбыл облысында 73 жастағы «жерленген кейуана» үйіне оралды

cover Фото: freepik.com

Жамбыл облысында былтыр Құрбан айт мерекесінен кейін 1953 жылы туған кейуана жоғалып кетеді. 2025 жылдың тамызында өрістен бір мәйіт табылады. Қызы денені жоғалған анасы деп танып,  қайтыс болғаны туралы куәлік етеді, деп хабарлайды Orda.kz. 

Алайда, «жерленген» кейуана бір айдан соң Жамбыл ауданы Қостөбе ауылындағы ағасының үйіне барады. Ол осынша уақыт бойы Айша бибі ауылында пияз жинап жұмыс істеп жүрген. Апа бірге жұмыс істеген әйелдің баспанасын паналапты. Ол кісі зейнетақы төлемдері түспей қойғасын Таразға келген. Кейін қайтыс болды деп танылғанын білген. Жамбыл сотының мәліметінше, қызы анасының қайтыс болғаны туралы жазбаның күшін жою үшін сотқа жүгінген. 

«Талап қоюшы жоғалған анасының кез-келген уақытта туыстарына немесе басқа да жерлерге кетіп, ұзақ уақыт үйде болмайтын әдеті болғанын түсіндірді», деп хабарлады соттың баспасөз қызметі. 

Ал табылған дене басқа адамдікі болып шықты. Полиция денені эксгумация жасап, қайта сот-медициналық және генетикалық сараптама тағайындады. Нәтижесінде қайтыс болған адамның жеке басы анықталды.

Оқи отырыңыздар: 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар