Жалған электронды қолтаңба жарға жықты

Павлодар облысының әкімі ажырасып кеткен әйелінің атына электронды цифрлық қолтаңба аштырамын деп жұмыстан кетті.
Бұл туралы Orda.kz ақапараттық порталы «Астана» арнасына сілтеме жасап хабарлады.
Павлодар өңірінің шенеунігі Мұрат Абулхалықов Ақсу қаласы әкімінің міндетін атқарған. Ол бұрынғы әйелінің рұқсатынсыз оның жеке мәліметтерін пайдаланып, ЭЦҚ аштырған. Әйеліне СМС хабарлама келген соң, ол шу көтерген.
Осы үшін жұмысынан айрылған шенеуніктің өзімен бірге тұрмайтын адамның атына не үшін ЭЦҚ аштырғаны белгісіз. Ол Ақсу қалалық халыққа қызмет көрсету орталығының басшысына әйелінің баламен үйде отырғандығы туралы өтірік айтқан. Сөйтіп оны бөтен адамға цифрлы қолтаңба аштыруға көндірген.
— ҚР мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментімен Ақсу қаласы әкімі аппаратының басшысы Мұқановқа қатысты қызметтік тергеп тексеру жүргізілді. Қызметтік тексеру қорытындысы бойынша әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысына шығарылып, әдеп жөніндегі кеңестің шешімімен Ақсу қаласы әкімінің аппарат басшысы Мұқановқа ескерту түріндегі тәртіптік жаза енгізу туралы ұсыныс енгізілді, – дейді ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігі Павлодар облысы бойынша департаментінің бас маманы Руслан Мұқанов.
Басшылардың тәртібін қараған аймақтың әдеп жөніндегі кеңес Ақсу қалалық халыққа қызмет көрсету орталығының басшысын жұмыстан босатты. Ал Ақсу қаласы әкімінің міндетін атқарушы Мұрат Абулхалықов өз еркімен қызметінен кетті.
Жаңалықтар
- «Қашып үлгермеді»: Алматы облысында төбеттер бастауыш сынып оқушысын талап тастады
- «Буындырып тастаймын»: Екібастұзда ойын алаңындағы балаға бір әйел шабуыл жасады
- Даниал Ахметовтің күйеу баласы ҚТЖ басшысы болып тағайындалды
- Екатеринбургтегі азаптау: Әзірбайжан Ресей күш құрылымдарына қарсы іс қозғады
- Талдыкөлден су тартқан Алматы әкімінің бауырлары жазалана ма?
- «Құлағын жұлып алды»: Алматы облысында 10 жастағы баланы төбеттер талап тастады
- Дәурен Абаев Адам Қадыровтың тойына не себепті барғанын түсіндірді
- Ең ауыр жаза – 22 жыл: Ақтөбеде төбелес шығарған 10 айыптыға үкім шықты
- Тоқаев алғысын айтты: Антикор басшысы Асхат Жұмағали қызметінен кетті
- Бұрынғы еңбек вице-министрі Ақмәди Сарбасов ұсталды
- Алматыда босанған әйелдің ішінен тоғыз айдан кейін таңғыш табылды
- «Жалған ДНҚ»: Қарағанды соты сәбилерді заңсыз асырап алу ісі бойынша үкім шығарды
- Атырауда ер адам бұрынғы әйелін жұмыс орнында өлтіргені үшін сотталды
- Адам Кадыровтың үйлену тойына Қазақстан елшісі қатысты
- Бакуде ФСБ агенттері ұсталды
- Зорлық үшін сотталған Талдықорғандағы полиция басшысының әйелі күдікке ілінді
- «Генерал-майор»: Қазақстанда әскер қолбасшысы ұсталды
- Әділет экс-министрі Марат Бекетаев 9 жылға сотталды
- Бетті тұмшалайтын киімге тыйым салынды
- «Жат елден бұйырған топырақ»: Назарбаевтың күйеу баласы Рахат Әлиевтің ғұмыры