Жаңа талаптар бекітілді: соңғы қоңырау қалай өтеді?

cover

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 2021 жылы соңғы қоңырау мен аттестаттарды тапсыру салтанаты қалай өтетінін анықтады. Талаптар бекітілді.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Жаңа талапқа сай, жалпы білім беретін мектептерде соңғы қоңырау мен аттестат тапсыру салтанаты тек санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталған жағдайда рұқсат етіледі.

9, 11-інші (12) сынып түлектерінің мектеппен қоштасу салтанаты ашық алаңда өткізіледі.

Басқа ешқандай шараға рұқсат берілмеді.

  • Шара алдында ауланың тазалануы қадағалануы керек;
  • Шараға тек мектеп оқушылары мен олардың ата-аналарының (қамқоршыларының) біреуі және 6 мектеп қызметкері ғана қатыса алады;
  • Карантинге жабылған адамдар шараға қатыса алмайды;
  • Мектеп алаңына сырттан адамдар мен қонақтар келіп, қатыса алмайды.

Салтанатты шара кезең кезеңімен өтеді:

  • Шара бір сынып түлектері үшін ғана өтеді;
  • Шара 45 минут болады;
  • Екі шара арасы 30 минуттан кем болмауы керек;
  • Аттестатты тапсыру кезінде қол алмасуға болмайды;
  • Шараға тек бетпердемен, жеке антисептикпен және 2 метрлік әлеуметтік қашықтықты сақтап қана қатысуға болады;
  • Соңғы қоңыраудан кейін мектеп сыртында бұқаралық шаралар өткізуге тыйым салынады;
  • Шара аяқталғаннан кейін мектеп ауласында ылғалды тазалау шараларын жүргізу қажет.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар