Жұмыс таба алмай сандалып жүргендер 44,3%-ға көбейген

cover

Қазақстанда 6700 жұмыссыз адам бір жылдан астам уақыт жұмыс таба алмай жүр. Жалпы елде 451,3 мың адам жұмыс іздеуде.

Бұл туралы Orda.kz Ranking.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының аяғында Қазақстандағы жұмыссыздар саны 451,3 мың адамға жетті. Оның үштен екісі алты ай жұмыс іздегендер.

  • 83,6 мың адам бір ай жұмыссыз болған;
  • 121,7 мың адам 1-3 ай аралығында жұмыс іздеген;
  • 109,1 мың адамға жұмыс табуға 3-6 ай уақыт кеткен.

69,6 мың адам алты айдан астам уақыт жұмыс іздеп жүр. Бір жылдан астам уақыт ішінде 65,7 мың адам жұмыс таба алмады, олардың саны 2020 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 44,3% өсті.

Жұмыс іздеуде жұмыссыз қазақстандықтар газет-журналдар мен интернет көмегін қолданады:

  • 239,1 мың адам бос жұмыс орындарын іздеді;
  • 110,3 мың адам өздері туралы жарнама орналастырды;
  • 220,3 мың адам жұмыс іздеуді достары, таныстары мен туыстары арқылы жүзеге асырды.

Мемлекеттік жұмыспен қамту органдарына жұмыс іздеуге 88,7 мың адам жүгінген, 57,9 мың адам жеке ұйымдар арқылы жұмыс іздеген. 3,8 мың адам жұмыс табу үшін ештеңе жасамаған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар