Әзірбайжан мен Армения шекарасында атыс болды

cover

Әзірбайжан мен Армения шекарасында атыс болып, армян жауынгері қаза тапты. Армения Қорғаныс министрлігі мәліметінше, оқиға Ерасх деп аталатын учаскеде тіркелген.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Әзірбайжан жасақтары инженерлі техниканы қолданып, бекіністер салмақ болған. Бірақ армян тарапы оны тоқтатуға әрекет етіп, әзербайжан әскерилері оқ атқан. Салдарынан екі арада атыс басталып, армян жауынгері көз жұмған. Әзірбайжан тарапынан да адам шығыны бары айтылады.

– 14 шілдеде шамамен сағат 10.00-де (астана уақыты бойынша 12.00-де) армян қарулы күштерінің әртүрлі калибрлі қарудан жасалған бөлімшелері армян-әзірбайжан мемлекеттік шекарасындағы Нахичеван Автономиялық Республикасының Садарак ауданы бағытындағы Әзербайжан армиясының позициясына оқ жаудырды. Салдарынан Әзірбайжан армиясының әскери қызметкері жарақат алды. Әскери қызметкерге алғашқы медициналық көмек көрсетілді, кейін медициналық мекемеге жіберілді, - делінген хабарламада.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар