Зеленский мен Трамп Ақ үйде не туралы уағдаласты
Фото: Ақ үйдің бейнесінен кадр
Украина президенті Ақ үйге жарты сағатқа кешігіп келді - дегенмен Дональд Трамп оны жеке өзі қарсы алды, деп хабарлайды Orda.kz.
Президенттер амандасып, Зеленский Трампты Таяу Шығыстағы қақтығыстың аяқталуымен құттықтап, оның қатысуымен Украинадағы соғысты тоқтатуға болады деген үмітін білдірді. Трамп Зеленскийді әдемі костюмі үшін мақтады.
Кездесу алдында жабық есік артында көшбасшылар журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Әңгіменің тоқ етері:
▪ Зеленский АҚШ-қа Томагавк қанатты зымыранының орнына «мыңдаған» украиндық «ұшқыштарды» ұсынды. Оның айтуынша, «қазіргі заманғы соғыс көптеген ұшқышсыз ұшу аппаратын талап етеді».
▪ Трамп ұсынысқа қызығушылық танытып отырғанын айтты. Бірақ ол АҚШ-тың өзіне Томагавкалар мен Киевке жеткізілетін басқа да зымырандар қажет екенін айтты.
▪ Америка көшбасшысы Путинмен Венгрияда кездеседі. Саммит екіжақты болады, бірақ Зеленский байланыста.
▪ Үндістан енді ресейлік мұнайды сатып алмайды.
▪ Трамп Украинадағы соғыс «Киевке зымырандар берілгенге дейін аяқталуы мүмкін» деген үмітін білдірді.
«Путин мен Зеленский қақтығысты тоқтатқысы келеді», - деді ол.
Кездесудің ашық бөлігі осымен аяқталды.
Кейін келіссөздер қорытындысы бойынша Владимир Зеленский баспасөз конференциясын өткізді.
Зеленский сондай-ақ энергетикалық инфрақұрылымға қатысты санкциялар мен соққылар тақырыбын қозғамағанын айтты. Соңында Украина басшысы оқ атуды тоқтатуды басты басымдық деп санайтынын және қажетті міндеттемелерді өзіне алуға дайын екенін атап өтті.
«Мен бізге бейбітшілік әкелуі мүмкін келіссөздердің кез келген форматына келісемін».
Артынша Трамп Truth Social журналында Зеленскиймен болған кездесудің қорытындысымен бөлісті:
«Украина президентімен кездесу өте қызықты әрі табысты болды, бірақ мен оған президент Путинге қатты кеңес бергенімді айттым, кісі өлтіруді тоқтататын және мәміле жасайтын уақыт келді! Олар жеткен осымен тоқтауы тиіс. Екеуі де жеңіс туралы мәлімдеп, тарихын шешсін! Бұдан былай оқ ату, өлім-жітім, орасан ақша мен көп уақыт жұмсау болмайды. Егер мен президент болып тұрғанда бұл ешқашан басталмайтын соғыс еді. Апта сайын мыңдаған адам көз жұмады - жетер, отбасыларыңызға аман-есен оралыңыздар!»
Кеше Трамп Путинге телефон шалып, Будапеште жеке кездесуге келісті.
Бұғн дейін Аляска саммитінде Путин Украинамен келісімге келу жөніндегі Трамптың ұсынысынан бас тартып, Русьтің, Рюриктің және Ярослав Мудрының шығу тегі туралы ұзақ «дәріс» оқып, лағып кеткен болатын.
Жақында АҚШ президенті Қытай Халық Республикасының алдағы әрекеттеріне байланысты, 1 қарашадан бастап (немесе одан бұрын) қазіргі қолданыстағы салықтарға қосымша 100% баж салығын енгізетінін жариялады.
Жаңалықтар
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады