Zam Zam Qazaqstan туристік компаниясының басшысы ұсталды
Ішкі істер министрлігінің тергеу басқармасы Zam Zam Qazaqstan туристік компаниясының басшысын Сауд Арабиясына қажылыққа бара жатқан қажыларды алдады деген күдікпен ұстады, деп хабарлайды Orda.kz.
ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, күдіктіге қатысты қажылық туризмін ұйымдастыру саласындағы алаяқтық фактісі бойынша іс қозғалды.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижелері бойынша «Zam Zam Qazaqstan» туристік компаниясы басшысының Сауд Арабиясына заңсыз қажылық ұйымдастырған әрекеті әшкереленді. Сауд Арабиясы Корольдігі мемлекеттік мекемесінің ресми сайтына ұқсас қажыларға берілген қажылық визасының заңдылығын растайтын веб-сайт құрылғаны анықталды» деп хабарлады ІІМ.
22 қарашада соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.
Бұған дейін жүзден астам қазақстандық қажыны алдаған деген күдікке ілінген «Zam-Zam Qazaqstan» туристік компаниясының директоры мүфтиятты пара алды деп айыптағаны белгілі болған. Мұсылмандар діни басқармасы туристік фирма директорының мәлімдемесін негізсіз деп тауып, мүфтият оны жала жапты деп сотқа берді.
Жаңалықтар
- Қара теңізде мұнай тиеу үшін келе жатқан қазақстандық танкерге шабуыл жасалды
- Ирак АҚШ әскери басшылары туралы ақпарат бергендерге 115 мың доллар төлейді
- Алматыдағы Абай атындағы алғашқы ұлттық мектепке құжат қабылдау басталды
- «Асар Астана» іздестіру-құтқару жасағының басшысы танысымен жас жігітті зорлады деген күдікке ілінді
- Ормуз бұғазымен өтетін кемелерді сақтандыру бағасы қымбаттады
- Тараздағы жеті қыз жабылып кастетпен ұрды деген оқиға ойдан шығарылған
- Маңғыстауда қызды ұрлап некеге мәжбүрлегендерге үкім шықты
- «Ақтөбе» ФК ресми түрде мәлімдеді: Нани Love Айкамен кездеспейді
- Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа түрі туралы шұғыл ескерту жасады
- ҚР СІМ: Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр