Қызылордада жол апатынан 2 жедел жәрдем қызметкері қаза тапты

cover

Қызылордада жол апаты екі жедел жәрдем қызметкерінің өмірін қиды.

Бұл туралы Orda.kz «Хабар 24»-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қайғылы оқиға өткен түнде болған. Toyota Land Cruiser жүргізушісі бағдаршамда тұрған жедел жәрдем көлігіне қатты жылдамдықпен соқтығысты. Соққы әсерінен машина жанармай құю станциясының аумағына дейін ұшып кеткен. Өкінішке қарай, зардап шеккендерді құтқару мүмкін болмады. Олар ауруханада қайтыс болды.

Артынан жеңіл көлік жүргізушісінің мас екені белгілі болды. Бұған дейін де ол 2016 жылы көлік жүргізу құқығынан айрылған екен. Қазіргі уақытта қамауда.

Тергеу басталды. Сараптама тағайындалды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар