Қызылордада 94 миллионға төселген жол «аяққа жабысып жатыр»
Қызылорда тұрғындары 2020 жылы желтоқсанда 94 млн-ға төселген асфальтты қолдана алмай отыр. Аптап ыстық көшені ерітіп жіберген.
Бұл туралы Orda.kz Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлады.
7 ай бұрын төселген асфальт ыстыққа төтеп бере алмай, шайыры аяққа жабысып жатыр. Салдарынан тұрғындар жүріп-тұра алмай жатыр.
Ең қызығы, мұндай көшеге бюджеттен 94 млн қаражат бөлінген.
Бұған дейін батпаққа батқан халық, енді шайырға батпаудың қамын жасап, күніне бірнеше рет құм төсеп жатыр. Ал көлік жүрген жерлер шұрық тесікке айналған.

– Машина жүргенде су кешіп бара жатқан сияқты боласың. Не велосипед жүре алмайды, не адам жүре алмайды. Машина анау басынан, мына басына дейін шайырды парылдатып басып өтеді, - деді тұрғындардың бірі Жұмабек Шайзадұлы.
Бұл туралы естіген қала әкімдігі «ол жолдың сапасыздығынан емес, аптап ыстықтан» деп, қол қусырып отыр.
– Сапасыз деп те айтуға болмайды. Қайта қалпына келтіреміз. Кепілдік мерзімі бар ғой. Онымен қоса қазір соттың қарауында. Соттың шешіміне сәйкес тиісті шешімдер қабылданады, - деді Қызылорда қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Дінмұхамед Сырлыбаев.
Мердігердің айтуынша, аяққа сағызша жабысқан көшенің тек біреуі ғана жөнделеді. Ал қалғандарының қиындығы қашан шешілері белгісіз.
Жаңалықтар
- Қазақстан мен Гонконг қаржы ұйымдары арасында тікелей көпір қалыптаса бастады
- Шахмұрат Мүтәліп ERG компаниясының 39,3% акциясын сатып алды
- Атырауға келген Қуат Хамит айыппұл арқалап, ол қатысқан жарыста төбелес шықты
- Балқашта кафеде атыс болып, даяшы қыз жараланды
- Алматыда әл-Фараби даңғылындағы жол-көлік оқиғасы бойынша үш қылмыстық іс тергеліп жатыр
- Денсаулық сақтау министрлігі наркологиялық орталықтарды тексереді
- Қарағандыда Lada жүргізушісі 20 жастағы қызды қағып, ол оқиға болған жерде қаза тапты
- Астана қалалық ауруханасында медбикеден туберкулёз анықталды
- Германияның солтүстігінде алғаш рет өлімге әкелетін борна вирусы тіркелді
- Вашингтондағы Ақ үй маңында атыс болды
- Иран мен АҚШ арасындағы бітімгерлік соңғы кезеңге жетіп қалды
- Жамбыл облысындағы шопан 42 жасында алғаш рет жеке куәлік алды
- Тоқаев Қытайдағы шахтадағы қайғылы оқиғаға қатысты Си Цзиньпинге көңіл айтты
- Әлеуметтік желідегі қандай пікірлер үшін нақты жаза тағайындалуы мүмкін?
- АҚШ грин-карта алу ережелерін қатаңдатты, өтініш беру үшін шетелдіктер елден шығуы тиіс
- Лионель Месси долларлық миллиардер атанды
- Зеленский: Украина Еуроодақтың «қауымдастырылған мүшесі» болмайды
- Алматыдағы Моттың концертіндегі шу: Бишілер рэпермен сахнаға шықпай қойды
- Әзербайжан туын жерден көтеріп орнына қойған оқушы екі елдің сүйіспеншілігіне бөленді
- Астанада екі пәтерді жалға алып есірткі дайындаған адам ұсталды