Қызылорда облысы «сары» аймаққа өтті

cover

Инфекцияның анықталған жағдайларының көрсеткіштері бойынша, соңғы аптада елдегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес Қызылорда облысы «сары» аймаққа өтті.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ақпараты бойынша, өткен тәулікте Қызылорда облысында коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 22 жағдайы анықталды. Олардың тоғызы облыс орталығында, қалғандары аудандарда тіркелді.

Сегіз жұқтырған адамда covid-19-ға тән белгілер байқалды. Олар - құрғақ жөтел, әлсіздік. Қалғандарында ауру асимптоматикалық түрде жүреді. Барлық жаңа жағдайлар жұқтырған адамдармен байланыста болған адамдардың арасынан анықталды. Жұқтыру ошақтарында эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіледі. 65 адам бақылауға алынды.

​Жалпы, Қызылорда облысында кәсіпорындар мен өндірістерде адамдардың жаппай жұқтыру оқиғалары орын алды. Мысалы, Қазалы ауданының «Өрімтал» балабақшасында тоғыз оқиға анықталды. Барлық тұлғалар бақылауға алынды. Инфекция жұқтырған адамдар анықталды. Мекемені карантинге жабу мәселесі қарастырылуда.

​Коронавирус «Сибу-Қызылорда» Инженерлік Бұрғылау компаниясының вахташы-жұмысшыларының арасында да анықталды. Өңірдің бас санитарлық дәрігері Динара Жаңабергенова хабарлағандай, вирус кәсіпорынның бір қызметкерінде тіркелді. Онымен байланыста болған 34 адамнан ПТР-тест алынды. Олардың онында тест оң нәтиже берді. Қазіргі уақытта ауру ошағы орналасқан вахталық қалашық карантинге жабылды.

Авторы: Жанна Сражадинқызы

Аударған: Мухит Тұрсынәлі

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар