Қытай жер орбитасына үш спутник ұшырды

cover mail.kz

9 сәуірде Қытайда Shiyan-6 сериясының үшінші спутнигі жерге жақын ғарыш кеңістігін зерттеу және ғарыш жабдықтарын сынау мақсатында орбитаға ұшырылды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Қытайдың Орталық телеарнасының хабарлауынша, ұшыру 07:01-де (Нұр-Сұлтан бойынша 05:01) Тайюань ғарыш айлағынан іске асырылды. Зымыранның атауы - Long March-4B (CZ-4B, «Чанчжэн-4б»).

Қазіргі ұшыру «Чанчжэн» сериялы зымыран тасығыштары үшін 365-ші болды.

Қытай аэроғарыштық ғылым және техника корпорациясының (CASC) ресми мәлімдемесіне сәйкес, биыл ҚХР кем дегенде 40 ұшыруды жүзеге асырып, жаңа ұлттық рекорд орнатуды жоспарлап отыр.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар