Қытай басшысы АҚШ-пен соғыс болу мүмкіндігіне жауап берді

cover

Пекин мен Вашингтон арасындағы қақтығыс Қытай мен АҚШ-қа ғана емес, бүкіл әлемге қауіп төндіреді. Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Қытай мен АҚШ арасындағы қарама-қайшылықтың салдарын бағалады.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Қытай басшысы Қытай-американдық ынтымақтастығы екі тарапқа да, бүкіл әлемге де пайда әкелетінін атап өтті. Алайда, екі елдің қарама-қайшылығы айтарлықтай зиян келтіреді. Ол АҚШ-тың Қытайға қатысты белгілі бір уақыт ішінде жүргізіп отырған саясаты мемлекеттер арасындағы қарым-қатынаста елеулі қиындықтарға әкелгенін атап өтті.

Си Цзиньпин қазіргі саяси ахуал екі ел халықтарының түпкі мүдделеріне және әлемнің барлық мемлекеттерінің ортақ мүдделеріне сәйкес келмейтінін мойындады.

Бұған дейін американдық Popular Mechanics журналы үшінші дүниежүзілік соғыстың басталуы мүмкін сценарийді сипаттаған. Мақала авторларының пікірінше, бұл соғыс АҚШ пен олардың қарсыластары – Ресей немесе Қытай арасында болады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар