Қыркүйек айына дейін 10 млн адам вакцина алады

cover kt.kz

Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаны 10 млн адам ала алады. Бұл вакциналауға жататын адамдар санының көрсеткіші. Үкімет қыркүйек айына дейін азаматтарды толығымен егуді жоспарлап отыр.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

— Ағымдағы жылдың сәуір, мамыр және маусым айларында өңірлерде ай сайын 2 млн адамға вакцинация жүргізіледі. Қыркүйек айында біз вакциналауға жататын 10 млн адамға екпе салуды жоспарлап отырмыз. Содан кейін ұжымдық иммунитеттің жинақтаушы әсерін аламыз деп күтеміз, - деді премьер-министр Асқар Мамин сейсенбі күні Үкімет отырысы барысында.

Денсаулық сақтау министрлігінің Үкімет отырысында ұсынылған слайдтары бойынша 18,8 миллион адамның 10 миллионы вакциналауға жарайды. Бұл 18 жасқа дейінгі, қарсы көрсеткіштері бар және 6 айға дейін вакциналауға жол берілмейтін коронавируспен ауыратын адамдарды қоспағандағы көрсеткіш.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар