Үлкен Алматы өзеніндегі гранит тастарды заңсыз сатып жатқаны белгілі болды
Фото: Санжар Боқаев бейнеден кадр
Қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың хабарлауынша, бүтін гранит плиталар бейіт жасайтын шеберханаға жеткізілген. Ол тасымал тек түнгі уақытта жүргізілгенін атап өтіп, оның заңдылығына күмән келтірді, деп хабарлайды Orda.kz.
Боқаевтың айтуынша, бұл тақталар жерлеу қызметін көрсететін жеке компанияларға беріліп, мемлекеттік мүлік заңсыз саудаға түсіп отыр. Бейнежазбада гранит тақталардың көлікке тиеліп жатқан сәттері анық көрінеді.
«Біз барған кезде бір көлік тиеп, кетіп те үлгерген. Артынша тағы бір көлік келді. Біз оларды тоқтатпай, артынан еріп, қайда апаратынын бақылайық деп шештік. Себебі бұл жағдайдың бәрі полицияның көз алдында болып жатыр», – дейді Боқаев.
Санжар Боқаев бұл тасымал түнгі уақытта жасалатынын ерекше атап өтті. Плиталар әкімдіктің қоймасына емес, жеке цехқа жеткізілген.
«Жүк көлігі Бесағаш арқылы Талғар ауданына қарай бет алды. Соңында әкімдік базасына емес, жеке аумаққа кірді. Жақындап барсақ, бұл жер — зиратқа құлпытастар дайындайтын цех екен. Яғни, әкімдіктің мүлкін жай ғана сатып жіберген», – деді қоғам белсендісі.
Боқаевтың айтуынша, қолда нақты бейнежазба айғақтары болса да, құқық қорғау органдары әзірге ешқандай шара қабылдамаған.
Еске сала кетейік, бұған дейін де қоғам белсендісі Санжар Боқаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Алматыдағы бюджет ақшасына алынған құрылыс материалдарының қолды болуы мүмкін екенін айтқан болатын.
Жаңалықтар
- Маңғыстауда қызды ұрлап некеге мәжбүрлегендерге үкім шықты
- «Ақтөбе» ФК ресми түрде мәлімдеді: Нани Love Айкамен кездеспейді
- Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа түрі туралы шұғыл ескерту жасады
- ҚР СІМ: Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі