Украинадағы соғыс Қазақстанда энергетикалық құрал-жабдықтар тапшылығын тудырды

cover

Энергетика министрі Болат Ақшолақов Украинадағы соғыс Қазақстанда энергетикалық құрал-жабдықтардың тапшылығына себеп болғанын айтты.

- Қазір энергия нарығы ережелері бойынша әрбір станса жүк көтереді. Бұл үшін олар айына МВт үшін 590 мың теңге алады. Бұл ақшаға бұл станциялар өз инфрақұрылымын үнемі жаңартып, дамытуы керек. Бірақ біз барлық қажетті құрал-жабдықтарды өндірмейміз. Биыл Укаринадағы оқиғаға байланысты қосалқы бөлшектердің тапшылығын сезіндік. Өйткені олардың көпшілігі осы елден әкелінеді. Біз тасымалдау бағытын өзгерте алдық. Бірақ мәселе әлі толық шешілген жоқ, - дейді Болат Ақшолақов.

Министр энергетикалық отынның қымбаттап бара жатқанын да еске салды.

- Сондықтан саланы одан әрі жаңғырту үшін энергия нарығы тарифін айына МВт үшін 590 000 теңгеден 855 000 теңгеге дейін көтеру керек деп есептейміз, - деді ол.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар