«Whatsapp-тағы сөз енді заңды құжат»: депутат Мұрат Әбенов жаңа өзгерістер жайлы айтты

cover Фото: Parlam.kz

Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заң жобасына маңызды өзгеріс жасалды. Бұдан былай тауарды сатып алу, сату жайлы хат-хабарда айтылған уәде заңды күшке ие болады. Бұл туралы мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Instagram желісіндегі тікелей эфирде мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.

Мұрат Әбеновтің сөзінше, енді жазбаша хаттар ғана емес, аудио, бейнежазбалар да заңды күшке ие.

«Енді біз мынаны енгіземіз: кез келген әңгіме, бейнежазба, WhatsApp-тағы кез келген хат алмасу мен жарнама – келісімшарттың құрамдас бөлігі. Біз хат жазыстық делік, мен Kaspi арқылы ақша жібердім, ал сен маған «үш жылға кепілдік» деп уәде бердің. Мұның бәрі келісімшарт болып саналады. Егер ол орындалмаса, «бізде келісімшарт болған жоқ» деп айта алмайды, өйткені бәрі хат алмасуда бар», — деді Мұрат Әбенов. 

Оның сөзінше, кей судьялар мұндай істерді қабылдағысы келмей, мәселені кәсіпкермен өзара шешуге жібереді. Ол іс жүзінде олардың арызды қабылдауға міндетті екенін атап өтті.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар