WhatsApp-та хабарлама жазатын орын өзгереді
Фото: freepik.com
WhatsApp-тағы чат жолағына (chat bar) Liquid Glass деп аталатын жаңа визуалды дизайн енгізіледі. Бұл интерфейс алғаш рет Apple ұсынған iOS 26 жүйесіндегі жаңа графикалық стильге негізделген, деп хабарлайды Orda.kz WhatsApp-тың бета-нұсқалары туралы ақпарат тарататын бейресми сайтқа сілтеме жасап.
Бұған дейін Liquid Glass элементтері WhatsApp Business қолданбасында сынақтан өткен. Кейбір пайдаланушылар негізгі навигация бөліктерінде жаңартылған батырмалар, қайта жасалған мәзірлер пайда болғанын хабарлаған.
Чат жолағында қандай өзгеріс болады?
Қазіргі чат жолағы экранның төменгі бөлігіне жабысып тұрған классикалық панель түрінде көрінеді. Енді ол «қалқып тұрғандай» болып көрінеді. Мөлдір, әйнекке ұқсас фон болады. Артқы фонды динамикалық түрде анық көрсетеді. Батырмалар визуалды түрде бөлек көрсетіледі.
Қашан қолжетімді болады?
WhatsApp-тың әлі ресми түрде шықпаған жаңа функцияларын зерттеп, жариялайтын WABetaInfo сайты әзірге бұл функция әзірлеу кезеңінде екенін жазды. Толық іске қосу мерзімі жарияланбаған. WhatsApp кезең-кезеңімен тарату стратегиясын қолданады. Алдымен шектеулі бета-тестілеушілер өзгерістерді тексереді. Кейін ғана барлық пайдаланушыларға қолжетімді болады.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- «71 жастағы туысы зорлап, балалы болған»: Түркістанда тағы бір жантүршігерлік қылмысқа сот үкімі шықты
- Сербия президенті мен оның отбасына қастандық жасауға тырысты деген күдікпен екі адам ұсталды
- 152 млн теңге жымқырған: Көкшетауда екі жыл бойы мемлекеттік субсидияға қол сұққандар сотталды
- Каспийді зерттеу мен қорғауға 1,1 млрд теңге бөлінді
- Америкалық БАҚ: Шайдоровтың жеңісі — Олимпиаданың ең ірі сенсациясы
- Референдум өткізуге үкімет резервінен шамамен 21 млрд теңге бөлінді
- Мәскеуде ЖПҚ көлігі жарылды, бір полиция қызметкері қаза тапты
- Ұлыбританияның АҚШ-тағы бұрынғы елшісі Эпштейн ісіне байланысты ұсталды
- WhatsApp-та хабарлама жазатын орын өзгереді
- 57 жастағы шенеунік қыз зорлады деп айыпталып отыр
- Түркістандағы колледж жатақханасында дау шықты
- Телефон қуаттағыш жарылды: Америкалық ұшақ шұғыл қонуға мәжбүр болды
- Президент Astana Team балалар хоккей құрамасын құттықтады
- Тоқаев Питер Фостермен АҚШ-қа тікелей әуе қатынасын ашу мәселесін талқылады
- Референдумға арналған бюллетень үлгісі жарияланды
- Орыс православие шіркеуінің бұрынғы қызметкері Иаков Воронцов тағы ұсталды
- Қазақстандықтар «әдемі» автонөмірлерден ақшасын аямады: Бюджетке қанша кіріс кірді?
- Тоқаев Грузияның ішкі істер министрін қабылдады
- Түркістан халықаралық әуежайына 14,3 млн теңге айыппұл салынды
- Ким Чен Ын беделді лауазымына қайта сайланды