Венгрия мен Қазақстан әуе қатынасы жазда жанданады

cover

Қазақстан мен Венгрия арасындағы әуе қатынасы жазда қайта басталады. Бұл туралы Венгрияның Сыртқы экономикалық байланыстар және Сыртқы істер министрі Петер Сийарто хабарлады.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

— Екі елдің астаналары – Будапешт – Нұр-сұлтан арасындағы тікелей әуе қатынасы биылғы жылдың маусым айында қайтадан іске қосылады. Бұдан басқа, Будапешт – Нұр-сұлтан – Бейжің әуе қатынасы іске қосылады, - деді Сийарто ҚР СІМ брифингінде.

Ол сондай-ақ вакциналау фактісін растайтын құжаттарды тану мәселесі екі тарап үшін де өте маңызды болатынын атап өтті.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар