Екпе алған балалар Ashyq-та тіркеле ме? – министр жауап берді

cover

Балаларға жасалған коронавирусқа қарсы вакцина барлық қазақстандық балаларда туылғаннан бері болатын вакцина төлқұжатының жалпы тізімінде жазылады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта балаларға ересектердегідей COVID-19-ға қарсы екпе алу үшін жеке төлқұжат беру қарастырылмаған. Бірақ қай бала вакциналанғаны тіркеліп отырады. Кейбір азаматтар соны сұрайды. Негізінде бізде егу паспорты бала туылғаннан бастап болады: қызылшаға, көкжөтелге қарсы екпе бар. Коронавирусқа қарсы вакцина да осы төлқұжатқа енгізілетін болады» деді министр.

Сондай-ақ, Цой Pfizer вакцинасын алғандар әзірге оның кері әсеріне шағымданбағанын айтты.

«Қазір біз бақылап жатырмыз, бәрі жақсы сияқты. Ешқандай айқын белгілер көрген жоқпыз. Сәбилер, жүкті әйелдер мен бала емізетін аналар екпені жеңіл алып жатыр» деп сендірді Цой.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар