А. Мамин коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

cover

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин биылғы 21 маусымда жұмыс күні аяқталғаннан кейін коронавирусқа қарсы вакцина алды. Primeminister.kz мәліметінше, Үкімет басшысы Қарағанды фармацевтикалық зауытында шығарылған «Спутник V» вакцинасын алған.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсында Асқар Маминнің вакциналаудан кейінгі жағдайы жақсы, ешқандай жанама әсерлері болмағаны айтылды.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Қазақстанда 2,8 млн-нан астам адам бірінші компонентті, 1,7 млн-нан астам адам екінші компонентті алды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар