Үкімет маусымаралық кезеңдегі азық-түлік бағасын реттейді
Сурет: primeminister.kz
3 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.
Отырысқа қатысушылар 2022 жылдың желтоқсанында және 2023 жылдың көктемінде бағаның күрт өсуін тежеу үшін қабылданып жатқан жедел шаралардың толық кешенін қарастырды. Делдалдарды анықтау және баға тізбегін талдау бойынша өңірлік комиссиялардың жұмысына үлкен рөл беріледі. Бірақ бұл комиссия нәтижелерінен әзірге көп нәрсе күтуге болмайды.
— Негізгі азық-түлік тауарларын өткізудегі делдалдық схемаларды тексеру бойынша өңірлік комиссиялардың жұмысы бей-берекет жүргізілуде, қараша айында жалпы небары 25 отырыс өтті. Бұл ретте өткен айда Астанада, Түркістанда, Қызылорда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында бірде-бір отырыс өткен жоқ. Тиісінше, олардың жұмысының нәтижесі жоқ: соңғы аптада бағаның ең көп өсуі Алматы облысында – МВТП санатындағы 6 өнім бойынша (күріш, сүзбе, тұз, тауық еті, айран 2,5 пайызға май, 1-ші санатты жұмыртқа ) барлығы 0,7 пайызға өсу байқалды. Астана қаласында - 0,5 пайызға (1-ші сортты ұн, 1-ші сортты ұннан жасалған нан, сәбіз, пияз, қант) өсті. Сауда комитеті «Орал» құс фабрикасындағы жұмыртқаны сатып алып, тауар бағасынан асырып сатумен айналысатын тұлғалардың тауарлық үстеме нормадан асып кету фактілерін анықтады. Мұндай жағдайлар басқа өңірлерде де анықталған, - деді Сауда комитеті төрағасының міндетін атқарушы Айдар Әбілдабеков.
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Жеңіс Өсербай тұрақтандыру қорларының жұмысына қатысты жаңа тәсілдердің үш кезеңімен таныстырды. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, биылғы жылы азық-түлік инфляциясына негізгі әсер қант (2022 жылдың 11 айында 71,9 пайыз), жемістер мен көкөністер (2022 жылғы мамыр-шілде) бағасының күрт өсуі болды. Жаңа тәсілдер басқалармен қатар маусымаралық кезеңде көкөніс бағасының күрт өсуіне жол бермеуге және келесі маусымға дайындық кезінде негізгі азық-түлік тауарларын өндірушілерді қолжетімді қаржыландыруға бағытталған.
- Бірінші кезең – жемістер мен көкөністерді сатып алу (2022 жылғы 25 қарашадан бастап жарамды), 2023 жылғы күзгі егінді жинауды қаржыландыру (2023 жылғы 1 ақпанға дейін), одан кейін жыл сайын ағымдағы қаржы жылының 1 қыркүйегіне дейін – күзгі егінді жинауды қаржыландыру.
- Екінші кезең – қарақұмық, күріш, күнбағыс майын өңдеушілер арқылы шикізатты форвардтық сатып алу (2023 жылғы 1 наурыздан бастап), қант өндірушілерге айналым қаражатын бөлу (2022 жылғы қазаннан бастап күшіне енеді).
- Үшінші кезең – ұн, сиыр еті, құс еті, макарон өнімдері, нан, сүт және сүт өнімдері, жұмыртқа (2023 жылдың 1 маусымынан бастап тетіктері пысықталуда). Өндірушілер тарапынан барлық үш кезеңдегі қарсы міндеттемелер олардың өнімдерінің бағасын белгілеу болады.
— Демалыс күндеріндегі жәрмеңкелерді қайта жандандыру, тұрғындардың қажетті тауарларды артық үстемеақысыз және делдалдарсыз сатып алуына жағдай жасау қажет. Мен өңірлерге аптасына кемінде үш рет делдалдық схемалар мен баға түзу тізбегін тексеру үшін өңірлік комиссиялардың отырысын өткізуді тапсырдым. Соның нәтижесінде қазір Сауда комитеті олардың қызметін қол режимінде сүйемелдеуде. Көзге көрініп тұрған барлық бұзушылықтар, көтерме және бөлшек бағаларды салыстыру жеткілікті. Өңірлік комиссиялар өздерінің негізгі функцияларын орындамай отыр, міне, осы жерде жеделдік пен уақыт керек. Өз кезегінде Ауыл шаруашылығы министрлігі тұрақтандыру қорларының жұмысын қайта форматтау жұмыстарын жалғастыруы қажет, - деп түйіндеді жиынды Серік Жұманғарин.
Жаңалықтар
- «Жалақы уақытылы төленуде»: «ЖЖФЗ» ЖШС фосфор зауытының бас директоры кәсіпорындағы жағдай туралы ашып айтты
- «Күзде жинайтын түк қалмайды»: Қарағандылық фермерлер киіктердің егінді жайпап жатқанына ашулы
- АҚШ пен Иран арасындағы ықтимал келісім мұнай бағасына әсер ете ме?
- Әлеуметтік желіде балағат сөз қолданғандарға айыппұл салатын түзетулер ұсынылды
- Санжар Боқаевты қамауда ұстау мерзімі 18 шілдеге дейін ұзартылды
- «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев қызметінен кетті
- Алматы – Қорғас тас жолындағы бұзылған бетон көліктерге жаппай зақым келтіріп жатыр
- Еуроодақ Украина мен Молдованың мүшелікке кіруін қарастырып жатыр
- Көкшетау қаласында саябақты өртемек болған шетелдіктің өзі жанып кете жаздады
- Президент заңмен бекітті: Туысқаныңды жұмысқа тарта алмайсың
- АҚШ пен Иран бейбіт келісімнің соңғы нұсқасын келісіп жатыр
- Ақмола облысында екі баланың анасын сталкер танысы қатыгездікпен ұрып өлтірді
- «Маған 10 миллион теңге ұсынды»: Әл-Фарабидегі жол апатынан кейін марқұмның әкесі мәлімдеме жасады
- Перизат Қайраттың көліктері мемлекеттік органдарға тегін берілді
- Қазақстандық қыздардың Вьетнамдағы вебкам-желісі әшкере болды
- Таразда синтетикалық есірткі тасып жүрген шетелдік курьер қолға түсті
- Amanat өкілдері Adilet-ке қосылатынын ресми жариялады
- 686 камера «көрмей қалған» қылмыс: Заречный түрмесіндегі айыпталушылар жалған қолтаңба мен қысым жайлы айтты
- «Өзімді емес, оларды өлтіруді таңдадым»: Қайын жұртын қырып салған күйеу бала
- Қытай жазушысы, Нобель сыйлығының иегері Мо Янь қазақстандық жас қаламгерлерге шеберлік сабағын өткізеді