ҚТЖ қарызы 2 трлн теңгені құрады

cover

«Қазақстан темір жолы» ҰК »АҚ сыртқы қарызы 1,9 трлн теңгені құрайды. Бұл туралы сенатор Сағындық Лұқпанов мәлімдеді, - деп хабарлайды ORDA.

«Қазақстанның теміржол паркіндегі вагондардың айтарлықтай бөлігі әбден тозған. Сатып алынған жаңа вагондар да талапқа сай емес. Осыған байланысты елімізде жылдамдығы жоғары тасымалдау қызметін әрі қарай дамытуға қатысты мәселе туындап отыр. Бұл аздай, біздің еліміз теміржол желісінің дамуы жағынан да артта қалып келеді», - деді Лұқпанов.

Ұзақ уақыт бойы мемлекеттік субсидияға деген тұрақты қажеттілікке қарамастан, қомақты қаражат негізгі қызметке зиян келтіріп, үшінші тарап жобаларын жасауға жұмсалады, деп айыптады ҚТЖ-ны сенатор.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар