Түркістанда сау әйелін психиатриялық стационарға күштеп жатқызған ер адам достарымен бірге сотталды

cover Фото: freepik.com

Түркістан облысында әйелін скотчпен байлап, психиатриялық ауруханаға заңсыз орналастырған жергілікті тұрғынға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Orda.kz. 

Сот мәліметінше, Түркістан қаласының тұрғыны адам ұрлап, оны психиатриялық стационарға заңсыз орналастырғаны және оқ-дәрілерді заңсыз сақтағаны үшін айыпталған. Сотталушының қылмыс жасауына екі досы көмектескен.

Тергеу мәліметінше, ер адам азаматтық некедегі әйелімен жанжалдасып, оны еркінен тыс психиатриялық стационарға заңсыз орналастырған. Тіпті, әйелінің қарсылығына қарамай, қол-аяғына скотч байлап тастаған.

Сот шешімімен түркістандық ер адам 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал оның екі досы 8 жыл арқалады. 

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар