Түркістанда дәрігерлер 8 айлық сәбидің денесінен ине тапты
Фото: Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасы
Түркістан қалалық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне қызамық ауруы болуы мүмкін деген күдікпен 8 айлық сәби жеткізілген. Дәрігерлер рентгендік тексеру жүргізіп, баланың құрсақ қуысынан ине тауып алған, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы бір күн бұрын Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді. Анықталғандай, сәбидің мазасыздануы мен дене қызуының көтерілуі жұқпалы аурудан емес, бөгде заттың әсерінен болған.
Дәрігерлердің айтуынша, ине ағзаға ас қорыту жолы арқылы түспеген. Ол бауыр тұсы арқылы енген. Баланың анасы сәбидің инені өздігінен жұтып қоюы мүмкін еместігін айтқан.
Фото: өңірлік денсаулық сақтау басқармасынан.
Түркістан қалалық орталық ауруханасы мен Түркістан қалалық балалар ауруханасының дәрігерлері бірлесіп шұғыл операция жасап, барлық қажетті емдік шараларды жүргізді. Қазіргі уақытта баланың жағдайы жақсарып келеді, деп нақтылады олар.
Бұған дейін Шымкентте дәрігерлер 16 магнит жұтып қойған 3 жасар баланың өмірін сақтап қалған болатын. Қалалық балалар клиникалық ауруханасына іші қатты ауырған бала шұғыл түрде жеткізіліп, дереу күрделі медициналық көмек көрсетілген. Ата-анасының айтуынша, бала ойнап жүріп бірнеше магнитті байқамай жұтып қойған.
Оқи отырыңыз:
- Медициналық сақтандыруға қатысты даудан кейін қорды Гүлмира Сәбденбек басқаратын болды
- Үйге қамап, қонаққа кеткен: СҚО-да өрттен қаза тапқан қыздың анасы қамауға алынды
- Павлодардағы Halyk Bank бөлімшесін тонау ісі бойынша жаңа мәліметтер белгілі болды
Жаңалықтар
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады