Түркістан облысында бірнеше полиция қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты

cover Сурет ЖИ көмегімен жасалды

Іс облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта қаралды. Барлығы бес адам айыпталушы ретінде танылған, деп хабарлайды Orda.kz.      

Олардың екеуі – майор және подполковник шеніндегі қызметкерлер, ал тағы бірі есірткіге байланысты істерде «статист» ретінде жүрген тұлға болған. Оқиға осы адамның мәліметінен бастау алған.

Айыптау қорытындысына сәйкес, ол екі полиция қызметкеріне «L» маркалы көлікте есірткі болуы мүмкін екенін хабарлаған. Алайда тәртіп сақшылары бұл ақпаратты басшылыққа жеткізбей, өз бетінше әрекет етіп, көлікті айып тұрағына апарып тексерген. Тексеру барысында ешқандай заңсыз зат табылмағандықтан, көлікті сол күйі қалдырып кеткен. Кейін сол жерге келген екі адам автокөліктің ішіндегі құны 100 миллион теңгеден асатын майнинг құрылғыларын алып кеткен.

2024 жылы болған бұл жағдай бойынша жәбірленуші арыз түсіріп, іс сотқа жеткен. Екі полиция қызметкері мен олардың сыбайласы бопсалау дерегі бойынша айыпталған. Сонымен қатар, майор мен подполковникке қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылған. Прокурор соттан олардың әрқайсысына 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған.

Алайда алқабилер айыпталушыларды бопсалау бабы бойынша кінәсіз деп танып, барлығына 3 жыл жаза кескен. Ал майнинг құрылғыларын ұрлады деп танылған екі адамға 6 жыл сұралғанымен, жаза мерзімі қысқартылып, бірі 4 жыл 9 айға, екіншісі 4 жылға сотталған. Олар келтірілген 101 миллион теңгеге жуық шығынның 67 миллион теңгесін өтеген.

Сондай-ақ сотталған қызметкерлер арнайы шендерінен айырылып, өмір бойы құқық қорғау органдарында жұмыс істеу құқығынан да айырылды.

Авторы: Назерке Еркінбекқызы. Түркістан облысы.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар