«Түркістан прокуратурасы 22 прокурордың портретін салуға 7,5 млн теңге бөлген»

cover

Түркістан облыстық прокуратурасы ҚР  бас прокурорлары мен Түркістан және Оңтүстік Қазақстан облысының прокурорларының портретін салуға мемлекеттік сатып алу порталы арқылы 7,5 млн теңге бөлген.

Прокуратура мен «Гера» жеке кәсіпкер арасында келісім шарт 9 қыркүйек күні жасалып, бекітілген. Келісім-шарттың техникалық ерекшелігінде прокурорлардың 22 дана портреті салынатыны көрсетілген.

Портретте нақты кімдердің суреттері салынатыны жөнінде ақпарат жоқ. Тапсырысты орындаушы ретінде көрсетілген жеке кәсіпкер Жұлдызай Садықовамен байланысу мүмкін болмады.

«Облыс прокуратурасы әлеуметтік желіде «прокурорлар портретін салуға 7,5 млн теңге бөлінген» деген ақпаратты жоққа шығарады. Бір мемлекеттік сатып алуда екі лот көрсетілген. Біріншісі - Түркістан қаласы туралы тарихи картина салу, екіншісі - прокурорлар портреті. Түркістан қаласының картинасына - 7,5 млн теңге, прокурорлар портретіне - 1 648 000 теңге бөлінген» делінген облыс прокуратурасы ұсынған жауапта.

Авторы: Дилара Иса, Шымкент қаласы

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар