Трамптың қоқан-лоққысы және жүзеге аспай тұрған бітім: АҚШ–Иран соғысы қай кезеңде?
Сурет ЖИ көмегімен жасалды
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға тағы да қатаң ескерту жасады: егер Тегеран бүгін кешке дейін Ормуз бұғазын ашпаса, АҚШ бір түннің ішінде елді «жойып жіберуге» дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл мәлімдеме қақтығыстың әлі де шиеленісті фазада тұрғанын көрсетеді.
Осы фон аясында тараптарға соғысты тоқтату бойынша нақты ұсыныс түсті. Жоспарды Пәкістан әзірлеген және қазіргі таңда ол — Вашингтон мен Тегеран арасындағы жалғыз делдал. Ұсыныс 15 тармақтан тұрады және екі кезеңге бөлінген.
Бірінші кезеңде дереу атысты тоқтату көзделген. Бұл уақытша бітім Ормуз бұғазын қайта ашуға мүмкіндік беруі тиіс. Аталған бұғаз — әлемдік мұнай тасымалының негізгі артерияларының бірі, сондықтан оның жабық болуы жаһандық нарыққа тікелей әсер етеді.
Екінші кезеңде тараптар толыққанды келісімге келуі керек. Мұнда негізгі түйіндер — Иранның ядролық бағдарламасы, әсіресе жоғары байытылған уран қоры, Ормуз бұғазының ұзақ мерзімді статусы және АҚШ-тың Иранға қайта шабуыл жасамайтынына кепілдік беру мәселесі.
Алайда бұл жоспар әзірге жүзеге аспай тұр. Трамп оны «маңызды қадам» деп бағалағанымен, ресми түрде қолдамаған және АҚШ-тың әскери операциялары жалғасып жатқанын ашық айтты.
Иранның позициясы одан да қатаң. Тегеран уақытша бітімді мүлде қабылдамайды. Олардың ұстанымы — «алдымен толық келісім, сосын ғана тыныштық». Иран өз тарапынан 10 тармақтан тұратын қарсы ұсыныс жолдап, тек соғыстың түпкілікті тоқтауын және АҚШ пен Израильден нақты қауіпсіздік кепілдіктерін талап етті. Осы себепті Пәкістан ұсынған жоспарды қабылдамай тастады.
Қорытындысында, келіссөз үстелде болғанымен, тараптардың талаптары бір-біріне сай келмейді. АҚШ уақытша бітім арқылы процесті бастағысы келеді, ал Иран бірден толық әрі соңғы келісімді талап етеді. Сондықтан қазіргі жағдайда келісімге келу ықтималдығы өте төмен күйінде қалып отыр.
Оқи отырыңыз:
- Израиль Ирандағы соғыста үнсіз қалды ма? Таяу Шығыстағы жағдайға шолу
- АҚШ пен Еуропада миллиондаған адам Трампқа қарсы наразылыққа шықты
- Пәкістан мен Ауғанстан неге соғысып жатыр?
Жаңалықтар
- Жезқазғанда «өрмекші адам»: терезеден түспек болған ер адамды полиция әрең құтқарды
- 500 миллионнан аса заңсыз табыс: NBC TV қаржы пирамидасын тергеу ісі аяқталды
- АҚШ пен Израиль Иранның басты мұнай аралын атқылады
- Павлодарда жүргізушіні ұстаған видео дау тудырды
- «Сабырымыз шегіне жетті»: ИРСК АҚШ пен серіктес елдерге шүйлікті
- Стамбұлда Израиль консулдығы маңында атыс болды: Қаза тапқандар бар
- Түркістан облысында бірнеше полиция қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты
- Трамптың қоқан-лоққысы және жүзеге аспай тұрған бітім: АҚШ–Иран соғысы қай кезеңде?
- Астанада 9 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
- Германияда қымыз ең жиіркенішті тағамдар музейіне тап болды
- Атырауда қоқыс полигоны өртке оранды
- Еліміздің барлық өңірінде су тасқыны қаупі сейілді ме?
- Павлодар облысында сегіз әкім жауапкершілікке тартылып, 1,7 млн теңге айыппұл төледі
- Иранның жоғарғы жетекшісі ес-түссіз жатыр — The Times
- Дрондар Солтүстік Корея шекарасын кесіп өтті: Ким Чен Ын Оңтүстік Корея президентінің кешірімін қабылдады
- Иран билікке қарсы тұлғаларға қатысты үкімді жеделдетпек
- Тоқаев Вьетнамның жаңа сайланған президентін құттықтады
- Артемида ІІ миссиясы: Адамзат тарихын дүр сілкіндірген жағдайға шолу
- Әнші Гүлнәр Сиқымбаеваның жоғалған ұлының денесі табылды
- Еліміздегі ғылыми-зерттеу жұмыстарына 261,4 млрд теңге жұмсалды