Трамп билікті жаңа президентке табыстады

cover

АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп әкімшілігі сайлаудан кейін үш аптадан соң Джо Байден командасына билікті тапсыруға келісті. Трамп сайлауда жеңілгенін нақты мойындамады, алайда федералдық агенттіктің билік транзитін бастау туралы шешімімен келісетінін хабарлады.

Жалпы қызмет әкімшілігінің (General Services Administration) жетекшісі Эмили Мерфи Байденге билік тапсыру процесін ресми түрде бастау керектігін ескерткен. Джо Байденнің инаугурациясы 20 қаңтар өтеді.

“Мемлекеттің мүддесі үшін Эмили және оның командасына бастапқы протоколға сәйкес атқарылуы тиіс шараларды жүзеге асыруға кеңес беремін және өзімнің командама да соны айттым” деп жазды Трамп Twitter желісінде.

Демократтар мен бірқатар республикашылдар биліктен бас тартып жүрген Трампқа процесті созбауын меңзеп, қысым жасаған.

Айта кетсек, билік транзитінің кешігуі коронавирус індетімен күреске және ұлттық қауіпсіздік мәселелеріне теріс ықпал етуі мүмкін екені айтылған.

Байден мұндай қолдауды қабылдап, дән риза болды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар